Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXXI сессиясы

   2020 жылғы 20 қарашада VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXXI сессиясы видеоконференцбайланыс (ВКБ) режимінде өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды.

«VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының

LVІІI сессиясының «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Депутаттар сессияда қалалық бюджетті 3,1 млрд.теңге мөлшерінде қаражат алу есебінен, сондай-ақ салықтық түсімдер бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің 39,8 млрд. теңгеге ұлғаюы есебінен жүргізілетін  42,9 млрд. теңге мөлшерінде нақтылауды бекітті.

«Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының

мүшесін лауазымнан босату туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1-тармағына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының мүшелерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жатады.

Депутаттар сессияда Алматы қаласының мәслихаты мен Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Альфия Келисовна Ракишеваның арасында жасалған еңбек шартының 2020 жылғы 7 желтоқсанда бес жылдық қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, Альфия Келисовна Ракишеваны Тексеру комиссиясының мүшесі қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

«Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының

мүшесін тағайындау туралы»

Депутаттар сессияда мәслихаттың қолданыстағы құзыретіне сәйкес Данияр Мұратұлы Түркешев 2020 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады.

Д.М.Түркешев мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар. 2018 жылдан бастап Тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істейді. Экономика, құқық және бюджет процесі салаларында тиісті білімі мен біліктілігіне ие, қолданыстағы заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, аудит жүргізу әдістемесін және аудиторлық қызметтің рәсімдік стандарттарын жоғары деңгейде түсінеді.

Внеочередная LXXI сессия маслихата города Алматы шестого созыва

Кейін қайту