Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXХ сессиясы

 

   2020 жылғы 30 қазанда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXХ сессиясы видеоконференцбайланыс (ВКБ) режимінде өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды.

 

 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы»

 

   Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті өкілді орган Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 12 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды.

   Депутаттар сессияда азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде дәрілік қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімді қабылдады.

 

«V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс  XLVII сессиясының «Алматы–2020»

даму бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 394 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

 

   Депутаттар сессияда «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы – 2020» даму Бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №394 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»шешімді қабылдады.  

   Жалпы «Алматы-2020» даму Бағдарламасының барлық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. «Мақсаттарға қол жеткізу» блогын бағалау нәтижелері бойынша 2019 жылы Әкімдік қызметінің тиімділігі жоғары деп бағаланды немесе республиканың жергілікті атқарушы органдары арасында 1-орында.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылдағы «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыда берілген ұсынымдар қорытындысы бойынша, «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді және 2020 жылға нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндеріне өзгерістер енгізілді.

 

 

«Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын

табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы»

 

   «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік экологиялық парктер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлерінің бірі болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 591 бабының 2 тармағына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін жергілікті өкілетті органдар бекітеді.

   Осыған байланысты, депутаттар сессияда «Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімді қабылдады.

 

«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін

арттыру пайыздары және жерге салық салу мақсатында

 бағалау аймақтарына бөлу сызбасы туралы»

 

   Депутаттар сессия барысында «VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Жер салығының базалық мөлшерлемелерінің пайызын жоғарылату және жерлерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарының сызбасы туралы» шешімді қабылдады.

   Бұл шешімде «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің бабының кіріспедегі нөмірі өзгереді. Мысалы:

 


п/п

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

 

1

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 387 бабына және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 510 бабына және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына сәйкес           V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

   Бұрын қабылданған жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерді бағалық аймақтарға бөлу схемасы өзгеріссіз қалады.

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXХ сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

 


Кейін қайту