Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

   2020 жылғы 22 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына комиссия төрайымы Р.Бадаева, комиссия мүшелері В.Банщиков, М.Грачев және Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлкебайұлы, Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары А.Өсербаев, Қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Қ.Байқоңыров, «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС директоры М.Прінбеков қатысты. Комиссия отырысында «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» және «Тұрақ кеңістігі саласындағы НҚА қабылдау бойынша «Aparking» ұсыныстары» мәселелері талқыланды. Аталған сұрақтар бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы және «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Үсенұлы Прінбеков баяндама жасады.

 

Заседание постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта

 

Заседание постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта

 

Заседание постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта

 

Заседание постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта

 

 


Кейін қайту