Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXVI сессиясы

   Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымына Әсет Дүйсебекұлы Масабаевтың кандидатурасына келісім берді.

 

   2020 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXVI сессиясы қашықтық режимде өтті. Сессия барысында «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселе қарастырылды.

   Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымына Әсет Дүйсебекұлы Масабаевтың кандидатурасына келісім берді. Әсет Масабаев 1985 жылы туылған, үш жоғары білімі бар. 2008 жылы инженер мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша Экономика және құқық академиясын және 2014 жылы құқықтану мамандығы бойынша Рессей халықтар достығы университеті (Мәскеу қ.).

   Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» мекемесінде электромонтер қызметінен бастап, энергетикалық кешендегі әртүрлі мекемелерде бас энергетик, техникалық директор қызметін атқарған. Мемлекеттік қызметте әр жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу, Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымды қызметтерін атқарған. 2019 жылдың сәуір айынан Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы лауазымды қызметін атқарып келеді.

 

Внеочередная LXVI сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LXVI сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

 

 


Кейін қайту