Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXV сессиясының баспасөз релизі

   Бүгін, 2020 жылғы 21 тамызда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXV сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

 

   «Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

 

   Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша «Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылдады. Әкімшілік айыппұлдардан және мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдерді көбейту, пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді азайту, бюджетті оңтайландыру және жалпы сомасы 10,6 млрд.теңге ішкі резерв қаражатын қайта бағыттау есебінен жүргізілетін жергілікті бюджетті нақтылау жобасы қаралды. Аталған қаражат келесі салаларға бағытталды:

 

Денсаулық сақтау - 8,6 млрд. теңге;

Әлеуметтік әл-ауқат – 493,6 млн. теңге;

Мәдениет - 220,7 млн. теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1,2 млрд. теңге;

Көлік инфрақұрылымы - 33,1 млн. теңге;

Абаттандыру - 54,6 млн. теңге;

Басқалары - 61,7 млн. теңге.

 

   Пандемия өршуінің болуы мүмкін «екінші толқыны» бойынша дайындық жұмыстары шеңберінде, операциялық блогы бар жұқпалы аурулар ауруханасын орналастыру үшін тез салынатын кешенді құру қажет. Жобаны қаржыландыру жалпы сомасы 10,3 млрд.теңге ЖҚЖК қаражатын қайта бөлу есебінен жүргізілді.

   

   Сондай-ақ, облигациялық заем есебінен мектептерге 13 қосымша құрылыс салуға қарастырылған 3,1 млрд.теңге сомасындағы қаражат қайта бағытталды.

 

   «Алматы қаласы мәслихатының  2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»

 

   Алматы қаласының әкімі Б.Ә. Сағынтаевтың «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының есептерін тыңдау бойынша кеңесінде берілген тапсырмасына сәйкес, «AlmatyBusiness – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың Өңірлік бағдарламасынөзектендіру қажеттілігі туындады.

 

   Ағымдағы жылы, экономикалық жағдайды ескере отырып, «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына келесі өзгерістер енгізілді:несиелеу сомасы 7 млрд. теңгеге дейін арттырылды, салалық шектеулер алынып тасталды, кәсіпкерлер үшін мөлшерлемелерді 6% деңгейінде біріздендіру бойынша шаралар қабылданды.

 

   Мемлекеттік бағдарламаларға, «AlmatyBusiness – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың Өңірлік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, қаржыландыру сомасын 300 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін арттыру, сондай-ақ берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық  7%-дан 6%-ға дейін төмендету бөлігінде өзгеріс енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, Алматы қаласында эпидемиологиялық, экономикалық және әлеуметтік ахуалдарына әсер ететін жағдайлар туындаған кезде, 0,01%мөлшерінде несие беруді (фармацевтикалық компанияларға) көздеу ұсынылады.

 

   Аталған өзгерістер «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесін біріздендіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, соманы 500 млн. теңгеге дейін арттыру қаланың іскерлік белсенділігі төмен бес ауданындағы (Алатау, Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандары)өнеркәсіптік парктерді, сервистік орталықтарды және сауданың стационарлық емес нысандарын ауқымды түрде дамытуға мүмкіндік береді.

 

   Енгізілген өзгерістерге байланысты, Бағдарламаға қаржыландырудың келесі жаңа басым бағыттарын енгізу жоспарланып отыр:

1) креативті индустрия жобалары (IT секторы, онлайн сауда, кәсіптік қызмет, жарнама бойынша қызмет, киноиндустрия, анимация, медиа, дыбыс жазу студиялары, дизайн, сәулет, «event» оқиғасын ұйымдастыру, заманауи өнер және т.б.);

2) жаңа үлгідегі «үй жанындағы» дүкендер;

3) сауданың стационарлық емес нысандарының жаңа үлгідегі құрылысын салу және оны дамыту, сондай-ақ ондағы жобаларды іске асыру;

4) қызмет көрсету саласындағы жобалар (оның ішінде, сервистік орталықтардың құрылысын салу және дамыту, сондай-ақ ондағы бизнес-жобаларды іске асыру);

5) әлеуметтік сала нысандарын (бала бақшалар, жалпы білім беретін мектептер, медицина орталықтары, мәдениет нысандары, спорт нысандары және т.б.)дамыту және оның құрылысын салу/сатып алу.

 

   Игеруге арналған жалпы бюджет 7,3 млрд. теңгені құрайды. Бұдан басқа, 2020 жылғы шілдеде фармацевтикалық компанияларды несиелеу үшін жергілікті бюджеттен қосымша ретінде 5 млрд. теңге бөлінді.

 

   Бүгінгі күні, сомасы 5,6 млрд. теңгені құрайтын 44 жоба қаржыландырылды. Сомасы 994,5 млн. теңгені құрайтын 12 жоба мақұлданды. Игеру 54%-ды құрайды. Сомасы 1,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба қаралуда.

    Осы мәселе бойынша мәслихаттың инстраграмм парақшасында тікелей эфир өтті.

 

   «Қалған өкілеттік мерзіміне учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

 

   Кезектен тыс LXV-ші сессияда жаңадан құрылған 21 сайлау комиссиясының құрамы және сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына 377 сайлау учаскесі құрылды.

 

   Дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес қаланың 398 аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік комиссиялардың мүшелігіне 1112 адам сайланды:

 

1) Қазақстан демократиялық партиясының «Ақ Жол» қоғамдық бірлестігі - 119;

2) «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі - 129;

3) «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі - 125;

4) «Nur Otan "партиясы» қоғамдық бірлестігі - 115;

5) «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі - 123;

6) «Жалпыұлттық социал - демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі - 38;

7)  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі - 79;

8) «Тәуелсіз Бақылаушылар» қоғамдық бірлестігі  - 0;

9) «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі - 120;

10) «Қоғамдық жоба» мекемесі - 32;

11) «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры - 92;

12) «Jas Qadam» қоғамдық қоры - 25;

13) «the best center of all levels» қоғамдық қоры - 77;

14) «Азаматтық бастама орталығы» қоғамдық бірлестігі - 38.

 

   Отырыс жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 15 бақылаушылар қатысты.

   Бақылаушылар тарапынан сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссияның жұмысына ескертулер мен наразылықтар болған жоқ.

   Барлық бақылаушыларға хаттаманың көшірмелері берілді.

 


Кейін қайту