Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXIII сессиясы

 

   2020 жылғы 23 маусымда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXIII сессиясы қашықтық режимде өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

 

«Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды,

сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы»

 

   Осы сессияның шешіммен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы 3 орын, шерулер мен демонстрациялар үшін бағыт белгіленді:

  1. Махатма Ганди атындағы саябақ;
  2. «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзар;
  3. «Шоқан Уәлиханов» атындағы гүлзар;
  4. Шерулер мен демонстрациялар үшін бағыт: «Шоқан Уәлиханов» атындағы гүлзардан бастап Шевченко көшесінің бойымен Махатма Ганди атындағы саябаққа дейін.

   Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның 9 бабының 5 тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтары кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалды.

   Шешім Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шеру және пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

«Алматы қаласы мәслихатының  2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, 

оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»  шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»

 

  Адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін 18 жасқа толмаған балалардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мақсатында ақшалай көмек түрінде әлеуметтік қолдау көрсету жоспарлануда.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес АИТВ тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар аурулар санатына жатқызылды.

Алматы қаласының ЖИТС-ті алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мәліметіне сәйкес қалада 18 жасқа толмаған 55 бала АИТВ-мен өмір сүреді. Осындай балаларды тәрбиелейтін отбасылардың көпшілігі халықтың әлсіз топтарынан.

   Алматы қаласы мәслихаты шешімі жобасы  АИТВ-мен өмір сүретін балаларға айына 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (65 336 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырады. Қазақстан Республикасының «2020 жылға республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге мөлшерінде бекітілді.

 

 


Кейін қайту