Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXII сессиясы

   2020 жылғы 10 маусымда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXII сессиясы қашықтық режимде өтті. Күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ақпаратты ұсынамыз.

 

«Алматы қаласының 2019 жылға арналған

бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы»

 

   Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 129 бабына сәйкес, Мәслихат сессиясына қаланың 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп ұсынылды. Алматы қаласының 2019 жылғы  бюджеті99,3%-ғаатқарылды. 7 мектеп пен 5 бала бақшаның, 2 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды, 383 мектеп және мектепке дейінгі білім беру нысандарында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 189 пандустар орнатылды, көп балалы отбасылары үшін 99 пәтер, 90 бірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, 12 748 отбасына жәрдемақы төленді, 659 көмекті қажет ететін азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсетілді, 4 287 протездік-ортопедиялық бұйымдар сатып алынды, 6 200 адам қозғалысқа арналған техникалық көмекші құралдармен (сурдо және тифло), 7 789 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 29  мүгедек балаларға кохлеарлық имплантаттарға сөйлеуге арналған процессорларды ауыстыру және баптау бойынша қызметтер көрсетілді,өзендердің 3 арнасын қайта жаңалау аяқталды, су құбырлары және кәріз желілерінің құрылысы мен қайта жаңалау бойынша 11 нысан аяқталды, ұзындығы 126 892 метр коммуналдық жылу желілерін пайдалану бойынша іс-шаралар орындалды, 5 көшені және 5 саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды,9,8 км жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды және  10,6 км жылу желілеріне жөндей жұмыстары жүргізілді, ауданы 1 050 га шағын өзендер мен су айдындарының су қорғау белдеулері мен аймақтарын орнату жобасына түзету жүргізілді, 6 жолдың құрылысы іске қосылды.

 

    «VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының

LVІІI сессиясының «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына сәйкес 10,5 млрд. теңгесомасында бөлінген қаражатты білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы және абаттандыру салаларында ең көп жұмыс орындарын құра отырып ішкі қайта бөлу есебінен жергілікті бюджетке нақтылау жүргізілді.

 

   «VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының

кезектен тыс XLI сессиясының «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» 2019 жылғы 16 қаңтардағы

№ 307 шешіміне толықтыру енгізу туралы»

 

   Алматы қаласында 2013-2019 жылдар аралығында дін саласындағы мемлекеттік саясатты әкімдіктің құрылымында Дін істері жөніндегі басқарма жүзеге асырған болатын. Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы №1/84 Қаулысымен Дін істері жөніндегі басқарма Ішкі саясат және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларымен біріктіріліп Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы болып қайта құрылды.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысымен бекітілген 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №19-32-17.478 «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру» жөніндегі жоспардың 6.4 тармағына сәйкес, өңірлерде дербес Дін істері жөніндегі басқармаларын қайта құру бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылған. Осыған орай, қалалық әкімдік құрылымында Дін істері жөніндегі басқарманы құруды қажет деп санайды. 

   Осы сессияда Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасын Алматы қаласының Дін істері басқармасына және Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасына бөлу жолымен Алматы қаласын басқару схемасына толықтыру енгізу туралы мәслихат шешімі қабылданды.

 


Кейін қайту