Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Февраль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LІX сессиясы

   2020 жылғы 17 қаңтарда Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LІX сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар талқыланды: «Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісім беру туралы», «Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісім беру туралы» және «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы».

 

Внеочередная LІX-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

   Алматы қаласының мәслихаты Азамат Бескемпірұлы Қалдыбековтың кандидатурасын Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді.

   Азамат Қалдыбеков 1984 жылы туылған. 2008 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2013 жылы – Болашақ бағдарламасымен Дьюк университетін (Солтүстік Каролина) тәмамдаған. Мамандығы бойынша – құқық магистрі және халықаралық құқық магистрі. Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

   2018 - 2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 

   2019 жылдың қазаны мен 2020 жылдың қаңтары аралығында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Алматы қаласының мәслихаты Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаровтың кандидатурасын Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді.

 

Внеочередная LІX-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

   Бақытжан Ақжаров 1989 жылы туылған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша –гуманитарлық қатынастар магистрі және философия докторы.  Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік қызметте бастаған. 

   2008-2012 жылдары аралығында Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, бөлімнің басшысы.

   2012-2015 жылдары аралығында Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары.

   2016-2018 жылдары аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

   2018 жылдың қазанынан 2020 жылдың қаңтары аралығында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

 

 

 

   Мәслихат сессиясында «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің жобасын қолдады.

 

 


Кейін қайту