Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LV сессиясы

   2019 жылғы 30 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LV сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақ қарастырылды: «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXХVІІІ сессиясының «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Аталған сұрақ бойынша Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Бауыржанұлы Қайыров баяндама жасады. Жалпы, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Жергілікті бюджетті нақтылау барысында  мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен және шығындардың қайта бөлінуінің есебінен қаражат жобалар мен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды іске асыруға жіберіледі, оның ішінде әлеуметтік сала – 5,7 млрд. теңге (білім беру,  денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, мәдениет); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1,4 млрд. теңге; көлік инфрақұрылымы – 806,7 млн. теңге;абаттандыру – 1,1 млрд.теңге. Жалпы, Алматы  қаласының бюджеті әлеуметтік-бағытталған болып қалып отыр.

 

Внеочередная LV-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LV-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LV-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 


Кейін қайту