Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

   2019 жылғы 23 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа комиссия төрағасы М.Әділханов, комиссия мүшелері С.Аманкелді, С.Канкуров, Ф.Мерхамитқызы және де Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаев, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы А.Самамбетов, жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Асылханов, Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Қ.Байқоңыров, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары Ә.Абдіқалықов,  «Независимая экспертная оценка» ЖШС бас директоры Р.Рыжков, «SMAD Consulting Group» ЖШС директоры Р.Қожахметова қатысты. Келісім беруге депутаттарға барлық құжаттар ұсынылды. Жеті жер учаскелерінің меншік иелері отырысқа шақырылды. Комиссия отырысында «Мемлекеттік мұқтаждықтарға жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты келісім-шарттар жобасына келісім беру туралы» мәселесі талқыланды. Аталған сұрақ бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Қайратұлы Асылханов баяндама жасады. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мұқтаждықтарға жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты барлық келісім-шарттар жобасына келісім беру туралы қаулы қабылданды. 

 

Заседание постоянной комиссии  по строительству и земельным отношениям

 

Заседание постоянной комиссии  по строительству и земельным отношениям

 

Заседание постоянной комиссии  по строительству и земельным отношениям

 

Заседание постоянной комиссии  по строительству и земельным отношениям

 


Кейін қайту