Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIІІ сессиясы

   2019 жылғы 28 тамызда Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIIІ сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар талқыланды: «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісім беру туралы» және «Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 307 шешіміне толықтыру енгізу туралы». 

Алматы қаласының мәслихаты Сайран Тәпенұлы Сайфеденовтің кандидатурасын Алматы қаласы  Әуезов ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді.

   Сайран Сайфеденов 1974 жылы туылған. 1996 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, 2009 жылы – Алматы үздіксіз білім беру университетін, 2012 жылы – Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – заңгер, экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Әр жылдары жеке компанияларда мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

   2008 - 2009 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық және бақылау инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы; 

   2009 - 2016 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары;

   2016 - 2018 жылдары – Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі;

   2018 – 2019 жылдары – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;

   2019 жылдың ақпанынан тамызы аралығында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

 

  Мәслихат сессиясында «Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 307» шешімге толықтыру енгізу туралы қосымша ұсынылды.

   «Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы - әкімдіктің дербес құрылымдық бөлімшесінің құрылуы туралы» 31 рет санымен толықтырылды. 

 

Внеочередная LIIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LIIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 


Кейін қайту