Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LІІ сессиясы

2019 жылғы 9 тамызда алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIІ сессиясы өттті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXХVІІІ сессиясының «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы», «Алматы қаласында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы», «Алматы қаласы мәслихатының «Консультациялық - кеңесші орган - Алматы қаласы Жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы  21 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Республикалық бюджеттен жұмыс жасайтын жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, халықтың аз қамтылған санатына, олардың ішінде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге, сонымен қатар жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беруге  қосымша қаржы бөлінді.

Нақтыланған жергілікті бюджет 19,6 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және әкім берген тапсырмаға сәйкес «Шетсіз қала» принципі бойынша мегаполисті дамытуға жұмсалатын болады.

Білім саласында 204 мектепке оқулықтар алуға, Орбита-3 ықшам ауданындағы №40 мектепті, тілі мүкіс балаларға арналған №9 мектеп-интернатты сейсмикалық күшейтуге, №190 жаңа бала бақша мен №187 ясли-бақшаны материалдық-техникалық жарақтандыруға қаржы бөлінеді. Бұлардан өзге, қаржы Түрксіб, Бостандық, Медеу аудандарындағы 13 ясли-бақшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.

Әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылған. 616,5 млн теңге жеті ауданда «Isker Ana» орталықтарын және Бостандық ауданында белсенді ұзақ өмір орталығын ашуға, Әуезов ауданындағы ұзақ өмір орталығын жарақтандыруға бағытталған. Сонымен қатар, Алатау аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімін «Open space» форматында қайта құруға және мемлекеттік атаулы көмекті қаржыландыруға жұмсалады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты дамытуға 3 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2 млрд теңге шет аймақтарды дамытуға, сумен жабдықтауға 373,5 млн теңге, жарықтандыруға 2,3 млрд теңге қарастырылған. Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд теңге бөлінген. 11 ықшам аудандарда жолды жобалау және салу жұмыстары атқарылады, олар Түрксіб ауданындағы Нұршашқан, Кайрат, Әлмерек, Жас-Канат; Алатау ауданындағы Самғау, Шапағат, Шаңырақ-5, Алғабас, Өжет; Наурызбай ауданындағы Құрамыс, Медеу ауданындағы Думан; Алмалы ауданындағы Әйтеке би көшесі.

Троллейбус желілерін модернизациялау мен дамыту, Алматы қаласында жаңа бағыттар ашу қарастырылған. Жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін модернизациялау, реконструкциялау қаржыландырылады. Бұлардан өзге, жеті - Федоров, Боткин, Верди, Венецианов, Мартынов, Бродский, Брюсов көшелері мен Солтүстік айналма қиылысына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Абаттандыру аясында 350,6 км арық желісі инвентаризацияланады, Жансүгіров көшесі бойындағы және Жас-Қанат ықшам ауданындағы скверлер жөнделеді, 440 аулаға күрделі жөндеу жүргізудің жобасы жасалады.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін полицияның стационарлы және мобильді постыларын құруға қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға, ШОБ жеңілдетілген несие бөлуге және кәсіпкерлердің «Qolday» орталығын құруға қаржы бөлінеді.

 

 

 

Внеочередная LIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

Внеочередная LIІ-я сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

 


Кейін қайту