Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVIII сессиясы

2019 жылғы 6 маусымда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVIII сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы», «Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымнан босату туралы», «Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы». Аталған сұрақтар бойынша Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қалиев Мейірзат Рахымбекұлы баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1 тармақшасына сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Авдугалиев Руслан Асқарұлының кандидатурасы ұсынылды. Р.А.Авдугалиев 1978 жылы 23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Светлое ауылында дүниеге келген. Экономика бойынша жоғары білімі бар, экономика ғылымы бойынша доцент ғылыми дәрежесі бар, заң магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттiк қызметте және мемлекеттiк қаржылық бақылау жүйесiнде 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 2000-2011 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты, Қазақ экономика және консалтинг университетінің қаржы және несие кафедрасында ассистент, аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ кафедрасының меңгерушісі. 2011-2013 жж. аралығында Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының шығыстарды бақылау бөлімінің бастығы, ал 2014-2018 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясыныің аппарат басшысы қызметін атқарған. 2018 жылы Алматы облысы Жаңашамалған ауылдық округінің әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы. 2018 жылдың қарашасында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы - Мемлекеттік аудитор болып тағайындалды, ал 2019 жылдың ақпанынан бастап Мемлекеттік аудит бөлімінің мемлекеттік аудиторы болып табылады. Р.Ә.Әбдіғалиев Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында тәжірибесі мол, білікті маман. Ұлттық куәландыру комиссиясының шешіміне сәйкес, 2016 жылы «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдамалық жұмыстарды жүргізуде практикалық дағдылары бар. Өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. «Қаржы бақылауы саласындағы құрметті қызметкер» төсбелгісімен (2015), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

Внеочередная ХLVIIІ-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная ХLVIIІ-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная ХLVIIІ-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 

 


Кейін қайту