Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясы

2018 жылғы 25 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы», «Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы», «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы». Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев, Бостандық ауданының әкімі болып Алтай Рахымбетов, Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды. Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев 5 жылдан астам уақыт Әуезов ауданында осы қызметті атқарды. 2015 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданының әкімі атанды.Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласы экология басқармасының маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл бойына еңбек етті, соның ішінде Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2015 жылдың ақпанынан Әуезов ауданының әкімі.Әуезов ауданының  әкімі Әнуар Өскенбаев мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.Әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит Қызметінің басшысы болған. 2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасының басшысы болды. 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша жаңадан құрылған 3 учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХIV сессиясында Түрксіб ауданының 3 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 21 мүше сайланды. Төрт саяси партияның ұсыныстары бойынша 3 учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамына 12 сайлау комиссиясының мүшесі немесе сайланған мүшелердің жалпы санының 57 % сайланды. Үш қоғамдық бірлестіктен 9 сайлау комиссиясының мүшесі немесе 43 % сайланды.

 

XXXIV-я сессия маслихата города Алматы

 

XXXIV-я сессия маслихата города Алматы

 

XXXIV-я сессия маслихата города Алматы

 

 


Кейін қайту