Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясы

2018 жылғы 14 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы», «Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы», «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы», «Алматы қаласының көше-жол желісін ағымдағы жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы», «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемдер ставкаларын бекіту туралы», «VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының төрағасын сайлау туралы».

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі табыстары үшін, сондай-ақ ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға, ғалым-әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевқа және Қазақстан Республикасының халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевқа «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

ХХХІІІ-я сессия маслихата города Алматы

 

ХХХІІІ-я сессия маслихата города Алматы

 

ХХХІІІ-я сессия маслихата города Алматы

 


Кейін қайту