Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және «Алматы қаласы туристік ақпараттық орталығы» ЖШС жұмыстарының нәтижелері бойынша депутаттық тыңдаулары

2018 жылғы 13 қыркүйекте VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және «Алматы қаласы туристік ақпараттық орталығы» ЖШС жұмыстарының нәтижелері бойынша депутаттық тыңдаулары өтті. Басқарма және «Алматы қаласы туристік ақпараттық орталығы» ЖШС жұмыстары жөнінде туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Мақсат Сәкенұлы Қиқымов және «Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы» ЖШС директорының орынбасары Әлия Болатқызы Зәкиева баяндама жасады.

Мемлекет Басшысының таяуда Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы, «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарындағы тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның жаңғыруы 3.0 және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алматыда туризмді қала экономикасының толыққанды саласына айналдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сауда, өнеркәсіп, қаржы секторы, құрылыс, көлік сияқты экономика салаларымен қатар туризм де экономикалық даму драйверлерінің бірі және халықты барынша жұмыспен қамтудың перспективалық көзі болып табылады.

Басқарма басшысының үсынған ақпарат бойынша Алматы қаласының туристік әлеуетін дамыту мақсатында AlmatyTravelLab жобасы іске қосылды. AlmatyTravelLab – бес хакатоннан тұратын, цифрлік құралдар арқылы туристік әлеуетті дамытуға бағытталған. Бұл жоба Әкімдік, «Алматы қаласы туристік ақпараттық орталық» және «Арман аймағы» қоғамдық қорының көмегімен жүзеге асырылды. Хакатондар Цифрлік Қазақстан дамуының шеңберінде қойылған міндеттерге жауап береді.

Ағымдағы жылда Алматы агломерациясының тау туризмін дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу басталды, ондағы Түрген, Ақ бұлақ, Лесная Сказка/Ақ Тас, Табаған, Бутаковка, Алматау, Шымбұлақ, Көкжайлау, Қаскеленді дамыту. Өткен жылдың өзінде 6 туристік соқпақтар абаттандырылды: Көкжайлау, Кім-Асар, Горельник, Тұйықсу, Бутаковка, Народная соқпағы – ақпараттық қалқандар, көрсеткіштер, тау өзендері арқылы көпіршелер, орындықтар, күркелер. Осы жылдың соңына дейін тағы 9 соқпақ абаттандыру жоспарлануда. 

Депутаттық тыңдаулар барысында Алматы қаласы мәслихатының депутаттары тарапынан басқарма және орталық жұмыстары бойынша ұсыныстар беріліп, олар басқарма және орталық басшыларымен назарға алынды. Жалпы алғанда, басқарма және орталықтың жұмыстары қанағаттанарлық деп бағаланды.

 

 

Депутатские слушания о результатах работы Управления туризма и внешних связей города Алматы и ТОО «Туристический информационный центр города Алматы»

 

Депутатские слушания о результатах работы Управления туризма и внешних связей города Алматы и ТОО «Туристический информационный центр города Алматы»

 

Депутатские слушания о результатах работы Управления туризма и внешних связей города Алматы и ТОО «Туристический информационный центр города Алматы»

 

Депутатские слушания о результатах работы Управления туризма и внешних связей города Алматы и ТОО «Туристический информационный центр города Алматы»

 

 


Кейін қайту