Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Алматы қаласы мәслихатына Қырғыз Республикасы Бішкек қалалық кенешінің делегациясы іс-сапармен келді

2018 жылғы 1 тамызда Алматы қаласы мәслихатына Қырғыз Республикасы Бішкек қалалық кенешінің делегациясы іс-сапармен келді. Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары 2003 жылғы 25 желтоқсандағы  одақтастық қатынастар туралы және 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы мәңгілік достық туралы шартына сәйкес дамып келеді. Ресми кездесу барысында Алматы қаласы мәслихатының және Бішкек қалалық кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бішкек қалалық кенеші - бекітілген заңға сәйкес қалалық қоғамдастықтың тікелей сайлауымен сайланатын жергілікті өзін-өзі басқарудың алқалы түрде жұмыс істейтін өкілетті органы. Ол пропорционалды жүйе арқылы 4 жылға сайланатын 45 депутаттан тұрады. Сонымен қатар, Бішкек қалалық Кенешінің төрағасы Кененбаев Алмаз Муканович бастаған делегация мүшелері «Алматы тазалық», «Алматы Көлік холдингі және Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып қайтты.

 

 

 

Маслихат города Алматы посетила делегация Бишкекского городского кенеша

 

Маслихат города Алматы посетила делегация Бишкекского городского кенеша

 

Маслихат города Алматы посетила делегация Бишкекского городского кенеша

 

 

 


Кейін қайту