Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясы

2018 жылғы 17 шілдеде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясы өтті. Сессия барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды. Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады. «Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау» аясында мыңдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді. Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық мықтылау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, сессия барысында «Алматы қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекшелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы», «2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»,«VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХІ сессиясының «Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» мәселелері қарастырылды. 

 

Внеочередная ХХХ-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная ХХХ-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 


Кейін қайту