Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

2018 жылғы 16 шілдеде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік-мәдени даму, кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс жұмысына экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Козлов, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссияның төрағасы Б.Садықов, кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы К.Авершин, мәслихат депутаттары М.Абдуллаев, С.Аманкелды, И.Байрамуков,  В.Банщиков, Е.Қасымов, Ф.Константинов, Қ.Құдайберген, Н.Мұхамед-Рахимов, Н.Ниязова, Қ.Сәрсенбай, Ш.Умаров және Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А.Темешев, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Б.Мұсаев, Алматы қаласы ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы А.Керімбек, Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары С.Тазабеков қатысты. Отырыста ««Алматы қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндетемелерді қабылдау турады», «2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы», «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы», «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты  XXI сессиясының «Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімінің қолдануын тоқтата тұру туралы» мәселелері талқыланды. Аталған сұрақтар бойынша Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Махайқызы Ходжабергенова, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасарлары Айдын Сайлаубекұлы Темешев және Бауыржан Әділбекұлы Мұсаев баяндама жасады. Отырыс қорытындысы бойынша, аталған мәселелер сессия қарауына енгізіліп, Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары қайта қарауға қалдырылды. 

 

 

 

Совместное заседание постоянных комиссий

 

Совместное заседание постоянных комиссий

 

Совместное заседание постоянных комиссий

 

 


Кейін қайту