Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессиясы

2018 жылғы 28 мамырда Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбектің қатысуымен VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақ қарастырылды: «Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы». Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Наурызбай ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына енгізді. Қала әкімі С.Ә. Тоғайдың кандидатурасын ұсынды. Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды. Бұрын ауданды басқарған Сайран Сайфеденов қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып бекітілді.

 

  

Внеочередная XXIX-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 


Кейін қайту