Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясы

 

   2019 жылғы 22 қарашада VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXХVІІІ сессиясының «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 325 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

 

   Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары А.Мұқажанова баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Заңда (Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында) белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшерін 50 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін көбейуі туралы мәслихат шешім қабылдады.

   Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша аталған санаттағы тұлғалар саны 350 адамды, қосымша қаражат 35 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді (көзден зағип және тірек-қимыл аппараты аурулары бар тұлғалар) алып жүретін адамның болмауына байланысты санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Алып жүрушілердің көпшілігі жақын туыстары (ата-анасы, ерлі-зайыптылар және т. б.) болып табылады. Бұл ретте алып жүруші мүгедекті санаторийге дейін апарады және алып қайтады, оларға қарайды және күтім жасайды, сондай-ақ емделуге және санаторийдің өзінде дәрігерлерлік кеңес алуға ертіп жүруді қамтамасыз етеді. Осыған орай, алып жүруге тиісті қаражаттың жоқтығынан мүгедектер санаторий-курорттық емдеуден бас тартуға мәжбүр. Бүгінгі күні Алматы қаласында алып жүруді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектер саны 500 адамды құрайды, бұл ретте бір алып жүрушіге емделуге (тұруға және тамақтануға) арналған шығындарсыз 12 күнге 60 мың теңгені құрайды. Мәслихат 30 млн. теңге (500 адам*60 мың тг.) қосымша қаржыландыруын қолдады.

 

   Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Н.Қайыров баяндама жасады. Ішкі қайта бөлу есебінен 8,8 млрд. теңге сомасындағы қаражат Алматы қаласының басым инвестициялық жобалары мен іс-шараларын іске асыруға, оның ішінде: Білім беру – 594,6 млн. теңге, оның ішінде: жалпы білім беретін мектептер оқытушыларының еңбек ақысын төлеуге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, №25 мектепті ашуға және рәсімдеуге; Әлеуметтік әл-ауқат – 2,1 млрд. теңге, оның ішінде: №1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ыстық тамақ беру қызметтерін төлеуге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдау бойынша өтінімдер санының көбеюіне байланысты инватаксидің қызметіне, тұрақтандыру қорларын құруға, ағымдағы жылдан бастап желтоқсан оқиғаларының 350 қатысушыларына төлемдердің көлемі 50 мың тенгеден бастап 150 мың теңгеге дейін көбейтілетін болады, онда емдеу-сауықтыру іс-шараларына қосымша шығыстар ескерілген; Мәдениет – 2,1 млрд. теңге, оның ішінде: «Жыл таңдауы 2019» жыл сайынғы ұлттық телевизиялық премяны табыстау Салтанатын өткізуге, «Ел Үміті» Марафонын ұйымдастыруға және өткізуге, «Алматы» каналының 20-жылдығына арналған Жастар жылы шеңберінде жыл сайынғы мерекелік концертті өткізуге, сондай-ақ «Жас Star» Жастар фестиваліне; Спорт – 305,3 млн. теңге, оның ішінде: халықаралық және республикалық сайыстарға құрама командаларды дайындауға және қатысуға «Айсұлу» Әйелдер хоккей клубына, «Алматы» Әйелдер Волейбол клубына, сондай-ақ «Буревестник Алматы» ерлер волейбол клубына, аутистикалық спекторы бұзылған балаларды тау шаңғыларында сырғанау негіздеріне үйретуге; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1,6 млрд. теңге, оның ішінде: ЖРК құрылысы үшін Момышұлы көшесі бойымен инженерлік желілерді қайта жаңалауға, Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшам ауданында және Түрксіб ауданындағы Жас-қанат ықшам ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін жалпы ұзындығы 3,7 км, 10кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтауға, «Құрылысшы» ықшам ауданында су құбыры және кәріз желілерінің құрылысын аяқтауға (Алатау ауданының батыс бөлігі; Көлік инфрақұрылымы – 1,4 млрд. теңге, оның ішінде: зияткерлік басқарумен жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрылысына, жеңілдіктері бар жолаушылардың жол ақысын өтеуге, Ұлжан-2, Алғабас - АЗТМ ықшам аудандарында, Шаңырақ-2 ықшам ауданында жолдардың құрылысына ЖСҚ әзірлеуге, қаланың 8 ықшам аудандарында жолдардың құрылысына: Алғабас, Ұлжан-2, Трудовик, Әйгерім-1, 2, Шаңырақ-2, Ұлжан-1, Дархан-Байбесік; Абаттандыру – 447,5 млн.теңге, оның ішінде: Орталық мешіттің аумағын күрделі жөндеуге, Құлжа тас жолы бойымен, Тіксай өзенінен Халиуллин көшесіне дейін жаяу жүргіншілер аймағының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бағытталған. Жалпы, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр.

 

   Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын 30-дан 37 адамға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес ашық дауыс беру арқылы кеңес құрамына 10 жаңа мүше сайланды, олардың үшеуі шығып кеткендердің орнына және жеті мүше жаңадан құрылған орынға сайланды. Нәтижесінде, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі 37 адамнан тұратын болады, оның ішінде мемлекеттік органдардан 3 адам және азаматтық қоғамнан 34 адам.

 

Т.А.Ә.

Қызметі

 

1.

Абылқасымова

Алма Есімбекқызы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беруді дамыту Орталығының директоры, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

 

2.

Аманбаев

Сәбит Шаяхметұлы

«Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТҰ президенті

3.

Данилина

Анна Викторовна

«Альтернатива» Бітімгершілік және Медиация орталығы» ҚҚ жаттықтырушы-медиаторы, президенті

 

 

4.

Жанпейісов

Көпесбай Оразбайұлы

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, әскери қызметі және тыл жұмысшыларының Алматы қалалық Кеңесі» ҚҚ төрағасы

 

5.

Іңкәрбеков

Ұлан Әскербекұлы

Алматы қалалық Мүгедектер қоғамы басқарма төрағасының орынбасары

 

6.

Қасымжанова

Жанат Кәкімсеиітқызы

Қазақстан - Ресей медициналық университетіінің уақытша ұжымы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту Орталығы» жобасының басшысы

 

7.

Құрманғалиев

Амангелді Құрманғалиұлы

«Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, зейнеткер

 

 

8.

Мұхамеджанова

Нұржан Жалауқызы

«Алматы» телеарнасының бас директоры

 

 

9.

Шапенов

Әлібек Төлегенұлы

Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Алматы қалалық комитетінің Бірінші хатшысы, ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі

 

10.

Шалабаев

Құсман Кәрімұлы

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің кеңесшісі

 

Внеочередная LVII-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LVII-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LVII-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LVII-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

Внеочередная LVII-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 


Кейін қайту