Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LI сессиясы

2019 жылғы 29 шілдеде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LI сессиясы өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар талқыланды: «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы», «Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы», «№ 15 сайлау округі бойынша депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы». 

М. Қиқымов 1986 жылы туылған. Экономика мен статистика Академиясы мен «Туран» университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары банк саласы мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

2012 - 2015 жылдары – Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары ;

2015- 2017 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы;

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы;

2017 - 2018 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы;

2018 – 2019 жылдары – Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы;

2019 жылдың ақпанынан Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Наурызбай ауданы №15 сайлау округі бойынша депутат Асылхан Сайлауұлы Төлеповтың жеке өтінішіне байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқататылды. 

 

Внеочередная LI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 


Кейін қайту