Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Алматы қаласы мәслихатының регламенті - 3 Бөлім

3. Есептерді тыңдау тәртібі

 

31. Мәслихат Алматы қаласы әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, Алматы қаласын дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

 

32. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияда Алматы қаласы әкімінің есебін тыңдайды. Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі. Әкім ұсынған аумақтарды дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәслихаттың мәселе қарауы үшін негіз болып табылады.

 

33. Мәслихат сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебін тыңдайды. Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.

 

34. Алматы қаласы тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды. Тексеру комиссиямен мақұлданған жылдық есеп ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін Алматы қаласы мәслихатына қарау және бекіту үшін жіберіледі. Жылдық есептің мәслихатқа ұсынылуы Тексеру комиссиясының төрағасымен жүзеге асырылады.

        Жылдық есеп:

1)қалалық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын;

2)жергілікті бюджеттің түскен түсімдері мен шығындарын;

3)жергілікті мемлекеттік органдардың, олардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін, аумақтарды дамыту, оның ішінде өткен кезеңдердегі бағдарламаларын және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруын;

4)жергілікті бюджет қаражатты, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді, байланыстырылған гранттарды, жергілікті атқарушы органдар қарыздарын, жергілікті бюджеттік инвестициалық жобаларды қоса қаржыландыруды және мемлекет активтерін пайдалануды;

5)бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.

Жылдық есепте жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөнінде қорытынды беріледі, Тексеру комиссияның есепті жылдағы қызметінің негізгі көрсеткіштері, анықталған қаржылық бұзушылықтардың құрылымы, сондай-ақ есепті жылы қаулылар мен ұсынысдардың орындалғаны туралы сандық деректер және олардың атқарылғаны туралы ақпарат көрсетіледі. Мәслихатпен бекітілген жылдық есеп бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялық тәртібін және өзге де заң негізінде қорғалатын құпия ақпараттар ескере отырып жарияланады. 

 

35. Мәслихат Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар жасауға құқылы.

 

36. Мәслихат Тексеру комиссиясының төрағасын және оның мүшелерін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметінен босатады. Алматы қаласы мәслихаты мен Тексеру комиссиясының өзара бірлескен әрекеттестігі мәселелелері бойынша тікелей басшылық мәслихат тарапынан мәслихат хатшысы, ал тексеру комиссияның тарапынан Тексеру комиссиясының төрағасымен жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясы өкілеттілігіне енетін және Алматы қаласы мәслихатының отырысында ортаға салынған барлық мәселелер бойынша мәслихат хатшысының алдында жауапты. Тексеру комиссиясы мәслихатқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін лауазымды тұлғалардың сақтамауы анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері жөніндегі бақылау актілерін, қаулыларды (ұсыныстарды) ұсынады. Бұл мәселе оны Алматы қаласы мәслихатының арнайы жұмыс тобының отырысында  талқыланғаннан кейін мәслихат сессиясында қаралуы мүмкін. 

 

37. Мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.