Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007-2012 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007-2012 жылдарға арналған іс-қимыл тұжырымдамасын, бұдан әрі мәтін бойынша “Тұжырымдама” Қазақстан Республикасының  Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 жарлығымен бекітілген 2003-2010 жылдарға арналған Алматы қаласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, 2015  жылға дейіңгі Алматы қаласының даму стратегиясын, «Қазақстан - 2030» Стратегиясына сәйкес әзірленген болашақ бағдарламаларды, халық шаруашылығының әртүрлі саласын және рыноктық сегменттерді дамытуға бағытталған Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық болжамдарын, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы», бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру бағдарламаларын орындауды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша депутаттар қызметін анықтайды.

Тұжырымдамада IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының сайлау алдындағы бағдарламаларының негізгі қағидалары,  ұлттық экономиканың өсуінің басты жетістігі, бүкіл инфрақұрылымы мен тіршілік жүйесінің дамуы мен жаңғыруының қарқыны жоғары құрлықтық маңыздағы мегаполис ретіндегі Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтудің басты бағыттары қамтылған.

  Қолда бар зияткерлік және және өндірістік әлеуеттерді тиімді пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті және сыртқа шығаруға бағытталған өнімдердің тұрақты өсуіне қолдау көрсетіледі. Инновациялық қызметті, туризм индустриясын, сервистік қызметтерді дамыту, қаланың өңірлік қаржы, ғылым,  мәдениет және спорт орталығы ретінде  дамуына қажетті жағдай жасау, алматылықтардың әл-ауқат деңгейін көтеру ұдайы назарда болады.

      Тұжырымдама «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы» «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сайлаушылардың еркі мен мүддесін ескере отыра, еркін кәсіпкерлік қаласы ретінде Алматыны дамытудың ұзақмерзімді болжамы, қала мәслихатының қала билігінің атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жұмыс, Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратымен, Үкіметпен және Парламентпен ықпалдастық, Қазақстан облыстары, қалалары, ТМД астаналары, қалалары, Алматының бауырлас қалалары өкілетті органдарымен ынтымақтастық, Қазақстан Халықтары ассамблеясымен,  мемлекеттік емес ұйымдармен және партиялармен ынтымақтастық негізінде әзірленді.

   Тұжырымдаманың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына,  сайлау алдындағы бағдарламаларға сәйкес  жалпы мемлекеттік мүдделерді, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді ескере отыра, экономикадағы бесінші   (индустриалдықтан кейіңгі және ақпараттық) және алтыншы (ақпараттықтан кейіңгі) технологиялық салтқа көшу, басқару жүйесін жетілдіру арқылы аламатылықтардың еркін жүзеге асыру мен мүдделерін қорғау үшін өкілеттік мерзімдегі IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қажетті іс-әрекетін анықтау.  

      Мақсаттарды ескере отыра, тұжырымдама:

-         қолданыстағы нормативті құқықтық базаның жеткіліктілігіне жан-жақты талдау мен бағалауды;

-         Алматы қаласынан сайланған  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары арқылы Президентке, Үкіметке Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, айрықша мәртебесін қаматамасыз етуге бағытталған қолданыстағы заңдарға, нормативтік құқықтық актілерге, қала мәслихатының шешімдеріне, қала әкімінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу және жаңа заңдарды қабылдау жөнінде ұсыныстар даярлауды және еңгізуді;

-          заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің орындалу тегершігін әзірлеуді, рыноктық қатынастар және еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту жағдайларында қаланы басқару жүйесін жетілдіруді қарастырады.

 

  1. 1.     Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру

 

Әзірленсін және ұсыныстар еңгізілсін:

     а) Қазақстан Республикасының жаңа заңдарын қабылдау бойынша:

- Қазақстан Республикасын институционалдық дамыту туралы;

-         Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік саласына донор қалалардың, облыстардың бюджеттік қаражатын атаулы тегін ннвестициялау туралы

-         Табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың жойқын факторларын болдырмау туралы;

-         Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы;

-         Қазақстан Республикасында транзитті көлік тораптарын дамыту туралы;

-         Қазақстан Республикасындағы курорттық және туристік орталықтар туралы;

-         Бауырлас қалалармен, шекаралас субъектілермен әлеуметтік-экономикалық және мәдени саладағы ықпалдастық туралы.

б) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы:

- Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы;

-Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі туралы;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексінің шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты салық саясатын әмбебаптандыру бөліміне;

- Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы заңының  жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан орта және жоғары білім алуы, оның сапасын   әлемдік стандарттарға дейін көтеру; тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің жауапкершілігі бөліміне;

-   қолданыстағы нормативтік құқықтық базасын  жан-жақты талдау мен бағалаудан кейін  Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2007-2012 жылдарға арналған Алматы қаласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін қажетті  заңнамалық актілерді қабылдау.

 

ІІ. Экономика мен бюджет саласындағы нормативтік-құқықтыық қамтамасыз ету

 

Қаралсын:

- Алматының    өнеркәсіптік және өндірістік инфрақұрылымының жағдайы мен болашағы;

-Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының кіруіне даярлық мәселелерін ескере отыра  Алматы қаласының  экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі өндіріс пен қызмет саласындағы  сапа жағдайының мәселелері;

- Алматы қаласының экономикасына отандық және шетелдік капиталдың қатысу тиімділігі;

- қала бюджетің қалыптасуы мен орындалуы.Бағдарлама әкімгерлерінің бюджет қаражатын нысаналы жұмсауы.

  Қабылдансын:

- мыналарды қамтамасыз ететін нормативті құқықтық актілер:

- республикалық, өңірлік және халықаралық деңгейде қаланың экономикалық ерекшелігінің болашақ көздері;

- өндірістік қорларды пайдаланну тиімділігін көтеру,  жұмыспен қамту мәселесін шешуге жәрдемдесу, инновациялық бағыттарды дамыту;

-қаланың бәсекеге қабілеттілігін көтеру негізі ретінде инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру;

- кәсіпорындардың өнімдерді сертификаттаудың халықаралық стандарттарына көшуі;

- импортты орналастыру бағдарламсын жүзеге асыру;

 - облысаралық кооперация;

-  басым инвестициялық және инновациялық жобалар;

- халықты сапалы көлік және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету; метрополитен құрылысы;

- қала көшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі;

- жаңа технологияларды қарқынды еңгізу есебінен көрсетілетін телекоммуникация және байланыс қызметтері секторын кеңейту;

-  шағын кәсіпкерлікті одан ірі дамыту;

- өңірлік қаржы орталығы ретінде Алматы қаласын дамыту, қалада қолайлы инвестициялық ахуал мен инфрақұрылымды қалыптастыру;

- Алматы қаласының қаржылық резервтік жүйесін құру;

- қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың бюджеттік қаржыландыру  тетігін әзірлеу.

 

ІІІ. әлеуметтік мәселелер мен қоғамдыыыық келісім бойынша

нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

 

Қаралсын:

-         Алматы қаласын дамытудың маңызды элементі ретінде  халықтың өмір деңгейін дәйекті және тұрақты көтеруді қамтамасыз ету мүмкіндігі;

-         демографияны дамыту, әлеуметтік маңызды ауруларға шалдығу, жұмыссыздық пен жұмыспен қамту жағдайы;

-         қолданыстағы халықты әлеуметтік қорғау тиімділігі және қала халқы арасында кедейшілікті жою;

-         азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді сақтау, барлық азаматтар үшін тең құқықты қамтамасыз ету   жөніндегі  жұмысты жалғастыру;

- Қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен,  Қазақстан Халықтары ассамблеясымен және партиялармен, ұлттық-мәдени орталықтармен,  Қазақстаан Республикасы, ТМД елдері, Алматының бауырлас қалалары өкілетті органдарымен ынтымақтастық.

      Қабылдансын:

       -   мынаны қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер:

       -  әлеуметтік саланы сапалы жақсарту

 

ІV. Әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық келісім бойынша

нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

 

Қаралсын:

-         жылжымалы құрам санының өсуі салдарынан қала атмосфералық ауасыныың экологиялық нашарлау себептері;

-         қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі және оның даму болашағы;

      -     әйелдердің, мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайы және оны дамыту болашағы;

      - өткізілетін отынның улылық нормаларына бақылау жағдайы;

      -  өсіп келе жатқан қатты түрмыстық қалдықтардың нормаларына бақылау жасау;

       -  ғимараттттарды, тұрғын үйді сейсмокүшейту, апаттық және тозған үйлерді жөндеу мен бұзу жөніндегі қалалық бағдарламаның орындалуы;

-  ТЖ жағдайларындағы әрекеттерге халықтың даярлық деңгейі.

 

 

V. Ғылым, білім,  мәдениет және спорт бойынша    нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Қаралсын:

- іргелі қолданбалы ғылымның, инновациялық технологияның, жағдайы мен даму болашағы, әлемдік жетістіктерді қолдану,  олардың Алматы қаласы үшін маңызы;

- реформалар барысы, орта, орта арнаулы, жоғары білім жүйесі беретін білім сапасының жағдайы және оның Алматы қаласы тұрғындарының зияткерлік деңгейіне ықпалы;

-   қор рыногы, инновация, туризм, саласы мен өзге салалардағы  жұмыс үшін   кәсібилігі жоғары мамандарды даярлау жөніндегі жаңа бағдарламаларды әзірлеу жағдайы

- қаланың ғылыми-өндірістік саласында   Алатау кентіндегі зерттеу орталығының негізіндегі  ақпараттық технология паркінің маңызы;

- Евразиялық мәдениеттің туризмнің, спорттың орталығы ретінде Алматы қаласы мәдениетінің дамуы жағдайы мен болашағы. 2011 жылғы Азия спорт ойындарына даярлық және өткізу.

- Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік-рекреациялық саласыын дамыту және Алматы әсемдігінің туристік тартымдылығын көтеру жөніндегі шараларды әзірлеу;

- кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, кинотеатрларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен дамыту жөніндегі жұмыстың жағдайы.

 

VI.   Заңдылық, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды  нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

Қаралсын:

-         Алматы қаласындаа Қазақстан Республикасы құқықтық саясаты Тұжырымдамасының орындалу барысы;

-          қаланы басқару жүйесінің  жағдайы мен даму болашағы;

-         жергілікті өзін өзі басқару элементтерін Алматы қаласында еңгізу жөніндегі Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің орындалу барысы;

-         қауіпсіздік, қоғамға қарсы құбылыстарды ескерту, нашақорлықпен, лаңкестікпен, қылмыспен күрес жүйесін құру бойынша құқық қорғау органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының қалыптасқан ықпалдастық жүйесінің жағдайы.

    Қабылдансын:

       - заңдылық, құқық тәртібінің сақталуын, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық актілер.

 

VII.  Қалақұрылысы, көріктендіру, және коммуналдық меншік мәселелерін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

    Қаралсын:

-         2020 жылға дейінгі мерзімде Алматы қаласы дамуының бас жоспарының орындалу барысы, Алматы қаласы мен Алматы облысыныыың қалақұрылысын дамытудың тұжырымдамалық негізін әзірлеу (серік қалаларды қоса алғанда) және оны жетілдіру жолдары;

-         халық өмірінің сапасын көтеруге және қаланың өңірлік және тартымдылығының өсуіне бағытталған тіршілік инфрақұрылымдарын серпінді дамыту;

-         қала коммуналдық меншігін пайдалану тиімділігі;

-         қаланың барлық тұрғындарының тұрғын үй алу мүмкіндігі қағидатын қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй құрылысы саласын дамыту

    Қабылдансын:

-  қалақұрылысын, көріктендіру, коммуналдық меншікті тиімді пайдалану, қала коммуналдық шаруашылығын дамытудың жағдайы мен болашағын жақсарту, қалада әлемдік дәрежедегі инфрақұрылымды құру жөніндегі шаралар жүйесін қабылдау мәселелерін қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық актілер

 

 

                                 IV cайланған Алматы қаласының мәслихаты