Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Аманкелді Сабина Бақытғалиқызы

 

  

 

  Мен, Аманкелді Сабина Бақытғалиқызы 1986 жылы 23 ақпанда, Қарағанды облысында дүниеге келдім. 1990 жылы отбасыммен бірге Алматы қаласына көшіп келдік.

   1993 жылы Стамбул қаласындағы Американдық Халықаралық мектебінің бірінші сыныбына оқуға түстім. 1995 жылы Алматы қаласына оралып, Халықаралық Үздіксіз Білім беру Колледжне (ICCE) ауыстым.

   2002-2006 жылдар аралығында Ұлыбритарияда MPW Кэмбриджде білім алдым. Ұлыбританиядан оралған соң, Қазақстанда Абай атындағы ҚазҰПУ-де "Саясаттану және Үкімет" мамандығы бойынша, кейінірек "Көкше" Академиясында білім алуды жалғастырып, Туған жерімде жұмыс жағынан бар күшімді тануға шешім қабылдадым. Өзімнің "Concept Market-S" компаниямды құрып, ТОО "Asadel Group"-та PR және коммерциялық директор ретінде мансабымды жалғастырдым.

   2014 жылдан бастап АҚ ҚРСҮ "ЗАНҒАР" (ЦУМ)-дың президентімін.

   Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, испан тілдерін жетік білемін.

   Тұрмыстамын, екі баламды тәрбиелеудемін.

 

 


Құрметті Алмалы ауданы №5 округінің тұрғындары! Алматылықтар!

 

Мен, Аманкелді Сабина Бакытгаликызы, 1986 жылы 23 ақпанда дүниеге келдім. Ұлыбританияда білім алып, кейін білімденуді өзіміздің Қазақстанда жалғастырдым.

Қазақстанға оралған бетте «Concept Market-S» атты өз кәсібімді бастадым. Кейін біліктілігімді «Asadel Group» ЖШС-да PR және қаржы директоры ретінде арттырдым. 2014 жылдан бастап «Заңғар» АҚ-ның (ЦУМ) президенті қызметін атқарудамын.

Менің ата-анам, достарым мен туыстарым Алматы қаласында көп жылдар бойы өмір сүруде. Отбасы құрып, екі баланы тәрбиелеудемін.

 

Алматы қалалық мәслихатының депутаты болу маған не үшін қажет?

 

Алмалы ауданының әрбір егжей-тегжейін білемін және осы жерде қалалық мәслихат депутаты қызметінде нақты жұмысымды атқармақ ниетім бар.

Өз басым қаламыздағы кәсіпкерлердің, жас отбасылардың, білім саласының, қауіпсіздік сұрақтарының және тағыда басқа ахуалдардын жағдайын жетік білем.

 

ЖАСТАРҒА:

 

Біздің округте көптеген орта және жоғарғы білім беру ордалары шоғырланған. Жұмысымды жастардың алып жатқан білім сапасын арттыру, бос уақытын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру мәселелеріне бағыттаймын. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін, ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларға қоса, округте қатысты бастамаларды жүзеге асырамын.

 

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ:

 

Қаламызда ауаның ластануы, қалдықтарды шығару әрі қайта қолдану, ауыз суының және тамақ қауіпсіздігінің мәселелері ашық қалуда. Қаланы безендіру мен жасылдандыру жұмыстарында қадағалау жүргізу үшін қатаң тәртіп қажет.

Округте еліміз үшін медицина саласында кадрларды дайындайтын ең ірі мекеме  орналасқан. Сондықтан:

  • Барлық медициналық қызметтердің сапасын еселеп арттыру;
  • Халық денсаулығын сақтауға арналған алдын алу шараларын күшейту әрі жүйелі ету;
  • Жаппай салауатты өмір салтын насихаттау.

 

ӘЛЕУМЕТТІК СҰРАҚТАР МЕН ҚАУІПСІЗДІК:

 

Көшелерді жарықтандыру, бейне камераларды орнату және оларды аудандық полиция пунктімен жалғастыру, участкелік полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасын нығайту, қауіпті ағаштарды анықтау және кесу, жол жүйесін қалпына келтіру.

  • Балалар мен зейнет жасындағы тұрғындардың демалыс орындарын әзірлеу;
  • Ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесін шешуге жәрдемдесу;
  • Коммуналдық төлемдердің құның жаппай есепке алу құрылғыларын орнату арқылы төмендету;
  • Автокөліктерді қалдыруға арналған орындарды ұйымдастыру, олардың дұрыс орналасуын реттеу;
  • Аудандағы жұмыс істеп жатқан полиция участкілерін нығайту және қосымша орталықтарын ашу.

 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ:

 

«Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып кәсіпкерлерді мемлекеттік органдарымен тексеруін азайту, тәжірибесі аз кәсіпкерлерге нақты көмек көрсету, семинарлар мен оқытуды ұйымдастыру.

 

Алмалы ауданының №5 округ тұрғындарын сайлау учаскілеріне келіп, дауыс берулеріңізді сұраймын. Бұл арқылы әрбір адам өз азаматтық позициясын көрсетуі тиіс!

 


Кейін қайту