Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Әзірбаев Мұхит Бақытұлы

 

   Мен, Әзірбаев Мұхит Бақытұлы  1974 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келгенмін.  1991-1997 жылдарында  № 56  орта мектебінде оқыған, мектеп бітіргеннен кейін Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясында (қазір Т. Рысқулов атындағы  Қазақ Экономикалық университеті деп аталады) оқығанмын.

   Еңбек қызметін тұрақты түрде 1997 жылы Алматы мен Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкіде бастаған. Қатардағы қызметкер лауазымынан бастап, бес жылдың ішінде валюталық бөлімі бастығының лауазымына жеттім.

   2003-2006 жылдарының аралығында Астана қаласындағы «Куат-Агро»  агрохолдинг компаниясының бас директоры болып жұмыс істедім.

  2006-2009 жылдың тамыз айына дейін  «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг басқармасының бастығы, корпоративтік қарым-қатынас департаментінің директоры лауазымдарда қызмет атқардым.

   2009 жылдың тамыз айынан бастап -   «Global Building Contract» ЖШС Бақылау Кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеймін.

 Қаржылық құрылымдарда қызмет атқаруда   валюта реттеу және экспорт-импорттық бақылауы жөніндегі мемлекеттік саясатын қалыптастыруына, Қазақстан Республикасындағы валюталық заңнамасын ырықтандыруына белсенді түрде қатысқанмын. «Казкоммерцбанк» АҚ  жұмыс істеуде нарықта қаржылық және операциялық лизинг деген жаңа кредит түрін дамытқанмын.

  «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы ретінде, жаңа энергі үнемдейтін технологияларды белсенді енгізіп, құрылыс кезінде Қазақстандық өндірушілердін өнімдерін барынша қолданамын. Сонымен қатар, құрылыс саласында жұмысты кадрлардың табысты дамуына ықпал етемін.

Алматы қаласының және ұжымның қоғамдық тұрмысына белсенді түрде қатысамын. Мәслихаттың V шақырылымы XVI сессиясының шешімі бойынша  Алматы қаласының Қала құрылысының Кеңесінің құрамына қосылдым.

   «Самрұқ Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуелсіз директоры, Қазақстанның Қала құрылысы Одағының вице-президенті.

   Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының аймақтық дамыту Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа істері жөніндегі Комитетінің Құрмет грамотасымен, Қазақстанның құрылысшылар Ассоциациясының «Даңқты Құрылысшы» құрмет төсбелгісімен,  «Қазақстан Республикасынын тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының  дамытуына қосылған елеулі үлесі үшін «20 лет МАИН»  медалімен, мемлекеттік марапат «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанмын.

   Үлгілі отбасы. 4 балам бар. Үлгілі ұл және немере өсіріп отырмын.

 


 

№20 сайлау округі бойынша

Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат

Әзірбаев Мұхит Бақытұлының

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Құрметті Бостандық ауданы 20-шы округiнiң тұрғындары!

 

  Биыл еліміз тәуелсіздігімiздің 25 жылдығын атап өтпекші. Бұл кезеңде біз экономикалық, саяси және мәдени даму жолында ерен табыстарға жеттік. Әлемдегі дамыған елдердің өмір сүру стандарттарын енгізген тәуелсіз мемлекетке айналдық!

  Алматы қаласы ел тәуелсіздігінің белгісі, себебi - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті осында сайланып, мемлекеттік рәміздерi мен Конституциясы бекітілдi. Бүгінде, Алматы қаласының республика экономикасына қосып жатқан үлесі 20%-дан астам.  Қаланың тұрақты даму базасы бар және еліміздің қаржы, туристік, кәсіпкерлік орталығына айналуға мүмкіндiгi зор. Өз қаласын сүйетін, оның өркендеуі жолында,  балаларымыздың болашағы үшін  жұмыс істеп жүрген саналы тұрғындар - Қаламыздың Ерекше Мақтанышы.

  Азаматтық белсенді ұстанымым және сүйікті қаламыздың дамуы жолындағы жауапкершілік сезімі қалалық Мәслихат депутаттығына кандидатурамды ұсынуға итермеледі.   

 

  Құрметті сайлаушылар, Сіздер менің кандидатурамды қолдасаңыздар, мен мынадай бағыттарда жұмыс істеймін:

Әлеуметтік салада:

  • қауіпсіз өмір сүру стандарттарын арттыру: аулалар мен көшелерде қосымша жарық орнату, бейнекамералар қойып, оларды аудандық Ішкi iстер бөлiмiнiң орталық пунктіне қосу, тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторлары арасындағы ынтымақтастықты күшейту, тозған ағаштарды кесу, аулаларға асфальт төсеу;
  • аулалар инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде балалар мен зейнеткерлердің  бос уақытын пайдалы өткізулеріне жағдай жасау -  балаларға арналған және спорттық құрал-жабдықтар орнату;
  • қоғамдық көліктің жұмысын, әсіресе, кешкі және түнгі уақыттағы жол қатынасын жақсарту;
  • қала инфрақұрылымын және халыққа арналған қызметтердің: аймақ ішіндегі учаскелік дәрігерлер, мектептер мен балабақшалар жұмысының сапасын жақсарту, саябақтар мен желек жолдарды көркейту;
  • ескі үйлер тұрғындарының мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп, оларды қалалық «Ескі үйлер» және «ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты) модернизациялау» бағдарламаларына кіргізу.

Экономика саласында:

  • аудандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындары иелерін бақылаушы ұйымдар тарапынан тексерулерді азайту, жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді «Атамекен» ҰКП жанындағы орталықтарда оқытып, семинарлар өткізу арқылы қолдау көрсету;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Азаматтық қоғамды дамыту саласында:

  • жастар саясатын іске асыру, жас ұрпақтың өзін-өзі танытуы, жастардың басқару және билік саласында ілгері жылжуы үшін жағдай жасау;
  • қоғамдық бірлестіктер арқылы атқарушы биліктің халық алдында есептілігiн нығайту.

Мен Бостандық ауданы 20-шы округінің әр тұрғынын сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауын білдіруге шақырамын!

Осылайша азаматтық позицияңызды танытып, сүйікті қаламыз Алматыны әрі қарай дамытуға деген ықыласыңызды көрсетулеріңізді сұраймын!

 

Біз нақты iстердi қолдаймыз! Біз белсенді қала тұрғындары жағындамыз!

 


Кейін қайту