Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Авершин Константин Викторович

 

   Менің есімім Константин Викторович Авершин, мен 1976 жылдың 7-ші қазанында Алматы облысы, Талды-Қорған қаласында әскер отбасында өмірге келдім. Менің отбасым интернационалдық:  әкем – Авершин Виктор Григорьевич 1951 жылы туылған, анам – Авершина (Нұрпеисова) Разия Әбдрәхмановна 1950 жылы туылған, бауырым – Авершин Тимур Викторович, 1981 жылы туылған. Мен үйленгенмін, және менің екі қызым бар. Жарым – Авершина (Оспанова) Роза Алмаханқызы, 1981 жылы туылған, қызымдарым: Авершина Сабина, 2009 жылғы және Авершина Доминика, 2012 жылғы.   1993 жылы Алматы қаласындағы №25 гуманитарлық-лингвистика гимназиясын аяқтадым.

   1993 жылы Брайтон (Ұлыбритания) қаласындағы Bellerbys колледжіне «Бизнес және Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы бітірдім. Сол жылы Anglia Ruskin University, European Business and Economics (Кембридж, Ұлыбритания) университетіне «Бизнес және Экономика» мамандығы бойынша түсіп, 1998 жылы аяқтап шықтым.

    Президенттік «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы алушысымын.

   Өзімнің еңбек қызметімді, мен 1998 жылы ААҚ «КEGOC» компаниясында сауда департаментінде маман лауазымынан бастадым. 1999 жылы ЖАҚ «Кедентранссервис» компаниясына ауысып, 2001 жылға дейін сауда департаментінің бас менеджері болдым. 2001 жылдан 2009 жылға дейін ҚР ҰҚКнің № 62156 әскери бөлімінде қызмет еттім. 2009 жылы әскери қызметтен босап, запасқа капитан атағында шықтым.

   2009 жылдан 2011 жылға дейін Europe Aviation компаниясының аумақтық өкілі болдым. 2013 жылы ЖШС «Red Dragon Almaty» компаниясын құрып, 100% Қазақстандық сауда белгіге және Алматы қаласындағы «Red Dragon» бір аттас ресторан тізбегіне ие болдым. Бүгінгі таңда осы кәсіпкерлік арқасында 100-ден астам адам жұмыс орнына ие. 

   Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізімін саралау нәтижесі бойынша «Red Dragon» компаниясы «Сала көшбасшысы 2015» атағына ие болды.

   Бүгінгі таңда Қазақстандық Ресторандар Ассоциациясының вице-президенті және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық өкілімін.

«Мен Алматылықпын» атты Қоғамдық Қозғалысты (ҚҚ) ұйымдастырып, басқарып келемін. Бұл қозғалыс бей жай емес, белсенді өмірлік ұстанымды адамдардың басын қосып, өз өнегесімен алматылықтарды масштабты қоғамдық және мейірімділік әрекеттерге қызықтырып, тартады.  

   Бұл қозғалыс құрамына бүгінгі таңда бірнеше әскери спортты бағыттағы ассоциациялар, бірнеше қоғамдық қорлар, «Эльдани» Қоры, «Көшпелі өркениет мұра қоры», «Алма-Ата» әйелдер клубы, «Алаш Прайд» ержүректер клубы, «Арнайы тағайындау бөлімшенің ардагерлер ассоциациясы», «Альфа» атты антитеррор тобының ардагерлер ассоциациясы, Жас Қанат, Паурлифтинг және армреслинг федерациясы, Құрама жекпе жек федерациясы,

«Честь имею» (Мәртебе) әскери патриоттық клубы және т.б. кіреді.  

 

   «Мен Алматылықпын» қозғалысы мына әрекеттерді ұйымдастырды:

-       Жыл сайын өткізілетін қайырымдылық «Алма Қала, қаламызға алма қаласы атағын қайтарайық» атты акция;

-       Жыл сайын өткізілетін «Той Қазан» атты Қазақстан халқының тағамдар фестивалі;

-       Қалалық сенбіліктер;

-       Балаларға арналған әскери-патриоттық «Десантура – балалар үшін» және «Танктер балшықтан қорықпайды» атты әрекеттер;

-       Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек (2015 ж.);

-       Алматы қаласындағы Науырызбай ауданындағы топан су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек (2015 ж.);

-       «Солнышко» атты балалар және қарттар баспанасына демеушілік көмек көрсету;

-       «Қарттарға тегін нан» атты қайырымдылық акция.

  

   Бұдан басқа да ардагерлерді, жағдайы төмен от бастарын және денсаулығы қиын балаларды қолдайтын көптеген қайырымдылық әрекеттерді іске асырып жатырмыз.

   2015 жылдың күзінде Қапшағайда ес түссіз жоғалып кеткен Айзада Авлатарова «Мен Алматылықпын» Қоғамдық Қорының күшімен ұйымдастырылған іздестіру операциясы арқасында табылды.

 

   Марапаттарым:

-       «ҰҚҚ – КНБ – Қазақстан» III дәрежелі арнайы төс белгі (2007ж.).

-       «Арнайы жасақтағы қызметі үшін» медалі (2014ж.).

-       «Гордость Экономики» Ордені (2016ж.).

  

   2015 жылы Алматы ішкі істер департаменті «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және аса ауыр қылмысты ашу бағытында қосқан үлесі үшін» деген алғыс хат және қол сағатын сыйға тартты (2015ж.).

   «Нұр-Отан» партиясының мүшесімін.


 

Құрметті достар!

     Менің есімім Константин Авершин.

     Мен - Қазақстандықпын!

Мен – Алматылықпын!

Мен – өз елімнің және өзімнің туған қаламның патриотымын!

Интернационалдық отбасында, бауырмал халықтардың бетке ұстар дәстүрлерін бойыма сіңіріп өстім. Әкем — әскер қызметкері, Авершин Виктор Григорьевич, кәзіргі уақытта зейнеткерлік демалыста, анам — Авершина (Нұрпеисова) Разия Әбдрәхманқызы — отбасының ұйытқысы, құт берекесі. Анамның ұлты қазақ, Қыпшақ руынан. Өзім жанұялымын, отбасымда екі балам бар. Жарым – Авершина (Оспанова) Роза Алмаханқызы, 1981 жылы туған.  Руы Қоңырат.

   Осы қалада мен бала бақшаға барып, мектепте оқып, өмір сабағын алдым.

Алматы менің балалық және жастық шағым өткен қала. Бұл менің ең сүйікті қалам! Бәріміз сүйіп тыңдайтын атақты әннің сөзімен айтса: «Жылы ұям, өмірге келіп, тәтті суыңнан нәр таттым! Құстар әнін тамашалап, жан жарымды мен таптым!»

Мен өзімнің туған қаламды ерекше мінезі, қайран қалатын қылықтары бар тірі тән ретінде көремін. Ал жүрегіңе жақын жандарды еш шартсыз жақсы көріп, оларды сол күйінде қабылдау керек емес пе?  Оларды жақсы көру керек.

Бүгінгі таңда менің қаламның жағдайы қызағушылық болмасада, дәл осы кезеңде біздің ортақ үйіміздің, жаңа Алматы қаласының негізі салынуда деп сенемін! 

   Мен, өз басым, сүйікті қаламның ежелгі айбындылығын қайтарғанын қалаймын. Біздің балаларымызға мұра ретінде өркені өскен, гүлденген, қауіпсіз, жаны таза, аурасы мөлдір заманауи мегаполисті қалдырғанды қалаймын!

   Мұның бәрі біздің қолымызда, және ел көлемінде даму бағытында тиімді нәтижеге жету үшін, біз өзгерісті өзімізден бастауымыз керек, өзіміздің жеке энергетикалық кеңістігімізді немқұрайлықтан, дәртсіздіктен, жалқаулықтан тазартуымыз керек. Біздер шынайы патриот болуымыз керек! Өзімізді, өмірге деген көз қарасымызды өзгерту арқылы біз жағымды өзгерістер жолына міндетті түрде түсеміз!

   Өз басым, халқыма, қалама көптеген пайдалы істер атқара алатыныма күмәнім жоқ. Менің ойымша, ол үшін менде барлық күш жігер, білім, икем бар, ал ең бастысы – елімнің, халқымның, қаламның игілігі үшін еңбек етуге ынтам жеткілікті.  

   Мен президенттік Болашақ бағдарламасының стипендиатымын, бірінші жоғары білімді Ұлыбританияда бизнес-экономика мамандығы бойынша алдым.

Мемлекет алдындағы парызымды өтеу үшін, оқуды аяқтаған соң бірнеше мемелекеттік ұйымдарда қызмет атқардым. 1999 жылы әскери ант қабылдап, №62156 әскери бөлімде қызмет еттім. 2009 жылы әскери қызметтен босап, запасқа капитан шенімен шықтым.

Запасқа шыққан мезеттен бастап мен бизнеспен айналыса бастадым. Бүгінгі таңда мен кәсіпкермін, Red Dragon бір аттас стрит-фуд тізбегінің иесімін. Біздің компания егеменді Қазақстан бойынша тұңғыш болып, шет елдік нарыққа өзінің франшиздік пакетімен шықты. Жүзпайызды қазақстандық сауда белгі енді Ресейдің Ростов на Дону және Красноярск қалаларында іске қосылды, Украинадан, Шешен республикасынан және Прибалтикадан ұсыныстар түсіп жатыр. 

   2014 жылы біз Екатеринбург қаласында өткен «Урал-Экспо» ірі көрмесінде екінші орын алып, күміс медальға ие болдық. Ал 2013 жылы Мәскеу қаласында өткен «Buy Brand Expo 2013” атты ірі франчайзинг көрмесінде, іс жүзінде Қазақстандық өнім сыртқы нарықта бәсекеге түсе алатынын және бәсекеге түсу керек екендігін дәлелдеп, керемет әсер қалдырдық. 

   «Мен Алматылықпын» атты Қоғамдық Қозғалысты (ҚҚ) ұйымдастырып, бей жай емес, белсенді өмірлік ұстанымды адамдардың басын қостым.

Бұл қозғалыс құрамына Фейсбук қоғамдық ғаламтордағы мына топтар кіреді: “Нағыз Алматылықтар», «Арнайы тағайындау бөлімшенің ардагерлер ассоциациясы», «Альфа» атты антитеррор тобының ардагерлер ассоциациясы, «Алма-Ата» әйелдер клубы, «Көшпелі өркениет мұра қоры», «Эльдани»   Қоры, Жас Қанат, Паурлифтинг және армреслинг федерациясы, Құрама жекпе жек федерациясы және т.б.  

Ғаламдық дағдарыс қарсаңында біздің басты мақсатымыз – мәселені шешу жолында күш жігерімізді біріктіру. Ашу ызаға салмай, қатарымыздағы серіктерімізге қол ұшын бергеніміз жөн. 

Қаланың шешім күтіп тұрған мәселелері жеткілікті: ол экология, тұрғын үй коммуналдық шаруа, көлікті қоятын орын, транспорт, әлеуметтік мәселелер. Сондықтан тек қана күшімізді біріктіру арқылы ғана біз жеңіске жете аламыз.

Біздің қоғамдық қозғалысымыз нақты істерді іске асырып үлгерді. Бүлдіршіндер мен жастардың патриоттық және азаматтылық тәрбиесі бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ат салысып, «Мен Алматылықпын» ҚҚ өз құрамында «Честь имею» (Мәртебе) әскери патриоттық клуб ашты.

Біздің қозғалысымызға екі жыл ғана толды, дегенмен біз жыл сайын өткізіліп жатқан бүкіл қалалық ірі іс әрекеттер өткізіп үлгердік. Мәселен, «Алма Қала, қаламызға алма қаласы атағын қайтарайық» атты акция. Ол ҚҚҚ «Парыз» бастамасымен 2014 жылы тізгінін босатты. Нәтижесінде, шамамен 20 000 көшет қала аулаларында отырғызылды, бұл әрекет немқұрайлы емес алматылықтардың өз қалталарынан қаржы бөлгендіктен мүмкін болды. 

Әскердің беделін бекіту шеңберінде азаматтардың әскери бөлімдеріне бару әрекеттері ұйымдастырылуда, ол жерде әскерлер көрнекі өнер көрсетіп, әскери техниканы демонстрация жасайды.     

   Тұңғыш акция балаларды қорғау күніне арналып, «Десантура – балалар үшін» деп аталды. Ол Қапшағай қаласындағы 35-ші десанттық-шабуылшы бригадада өтті. Екінші акция «Танктер балшықтан қорықпайды» деп аталып, Сары Өзек қаласындағы 10-шы жеке механикаландырылған бригадада өтті. Осы әрекеттерге өте көп азаматтар, ақпарат және интернет қоғамы өкілдері қатысты.

   Сонымен қатар, ҚҚҚ «Парыз» және ЕФРАН қатысуымен осымен үшінші жыл қатарынан «Той Қазан» атты Қазақстан халқының тағамдар фестивалі Талғар қаласының аса көркем жері, Алатау шаңғы-биотлондық комплексінде өткізілуде. Фестивальдің басты мақсаты өзіміздің тату тәтті халықтар өкілдерінің интернационалдық бірлігін арттыра түсу болып табылады.

    Қозғалыстың белсенді қатысушылары Наурызбай ауданында орын алған тасқынның салдарын тазалауға жан салып ат салысты. Бұл әрекет біздің Қоғамдық Қозғалыстың маңызды іске тұңғыш қатысуы болды, біздің қатарымыздағы жігіттер мен қыздар нағыз әскерлер тәрізді: дәлме дәл және өте тәртіпті іс атқарды. Осы тәріздес жағдайда, әсіресе біздің қала сияқты сейсмоқатерлі аумақта, осындай әскерлік икем өте маңызды болып табылады. Бізге осындай дағдыны әрі қарай дамыта беру керек, себебі азаматтар төтенше жағдайға орай әрекет етуді үйренгені жөн.

   Біздің қозғалысымыздың тұрақты қамқорында бірнеше жетімдер үйі, қарттар үйі және Медеу аудандық ардагерлер қоғамы бар.

«Алма-Ата» әйелдер клубы ынтасымен «Қарттарға тегін нан» атты акция іске қосылып, жыл сайын қуаттанып, республикалық қарқын тауып жатыр.

Ақпараттық кеңістікте төгіліп жатқан жағымсыз хабарлардан біздер бәріміз қалжырағанымыз хақ. Ал біздің өткізіп жатқан жағымды әрекеттер азаматтарымыздың жүректерін жылытып, ол жөнінде кең пікір алудамыз. Біздің әрекеттеріміз іске қосу құрылымы секілді азамттарымыздың санасын оятып, пайдалы іс-әрекетке итермелейді. Бұл дүние жүзілік тәжірибе және біз оны өз үйімізде жаппай іске қосуымыз керек.

   Қазіргі таңда, советтік пионерия тәрізді, біз жастар қозғалысын ұйымдастыру идеясын талқылап жатырмыз, оның әлі бекітілмеген аты «Жауынгер». Бұл салада біз балаларға патриоттық тәрбиеден басқа, ата бабамыздан келе жатқан, дегенмен ұмытыла бастаған дала қылыш ұрысы, ат үстінде шабу секілді көптеген дағдыларды бойына сіңірмекпіз. Біздің ойымызша ата бабалардың өсиетін сақтап, өзіміз тараған тамырымызды біліп, қадірлеу керек, ал ол үшін, жастарға балалық шағынан туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятып, дұрыс тәрбие беру керек.

Дәл кәзір біз қаламызда кәсіпкер нұсқаушысы бар спорттық алаңдар ашу мүмкіндігін есептеп жатырмыз.

   Сонымен қатар, «Мен Алматылықпын» ҚҚ жоспарында — ерікті халық жасақтарын жаңғырту. Біз жергілікті тәртіп сақтаушы органдармен қосылып, қоғамдық құқық тәртібін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтып отырмыз. Біз хабарсыз жоғалған адамдарға іздеу салу және жедел жауап қайтару бойынша ерікті қозғалыс құру мұмкіндігін де қарастырып жатырмыз.

   Бұл үшін бізде барлық қорлар бар, іс тәжірибеде біздің белсенділер осындай әрекеттердің тиімділігін дәлелдеп те үлгерді, біздер Қапшағай қаласындағы хабарсыз кеткен жас қызға сәтті іздеу салу ісіне белсенді қатыстық.

   Кәсіпкер бола тұра, әрі Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының аумақтық кеңесінің мүшесі ретінде, мен шағын және орташа бизнес буынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар қабылдауды мақсат тұтамын, себебі экономикамыздың бұл бөлігі жұмыс орын ұсынудың басты көзі болып келеді, ал Алматы қаласы қашанда болсын бизнес орталығы және Республикалық бюджетінің негізгі салық төлеушісі болып келеді.

Біздің қала тартымды тарихы бар, төл мәденті бар тамаша қала. Кейбір нұсқа бойынша, жұмбақ Шамбалы қақпасы біздің тауларымызда орналасқан екен, мүмкін сондықтан болар, біз -  Алматылықтар ерекше жандармыз.

   Менің ойымша, әр адам өзінің ауқаттылығын бос ұрандармен емес, нақты істермен дәлелдеуі тиіс. Бірлік арқасында ғана біздер кез келген дағдарысты жеңіп, өз қаламызды дүние жүзілік танымал мегаполистердің қатарына көтеріп, оның бұрынғы атағы мен сұлулығын қайтара аламыз.

Қуатымыз бiрлiкте!  Бұл біздің ұранымыз!

   Құрметті достар, сіздерді немқұрайлылықты тастап, біздің ортақ үйіміздің жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа істерге белсенді қатысуларыңызды сұраймын. Әрине, экология, тұрғын үй коммуналдық шаруа секілді мәселелер бір мезетте шешіле қоймайды, дегенмен бізде үлкен потенциал бары хақ.  Жағдайды жақсарту біздің қолымызда. Алматылықтар қай заманда болса да жағымды өзгерістер бастамасында болып келді, себебі біз ерекшеміз, біз өзіміздің тауларымыздың энергетикасынан нәр аламыз, Қуатымыз Бірлікте! Ауыз біршілікпен біз кез келген қиын мәселелерді шеше аламыз. 

 

Ізгі ниетпен,

«Мен Алматылықпын» ҚБ  жеткшісі              Константин Авершин

 


Кейін қайту