Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Абдуллаев Марат Шадыбайұлы

 

   Мен, Абдуллаев Марат Шадыбайұлы, 1957 жылдың 28 наурызында Қызылорда қаласында туылдым, ұлтым – қазақ. 1964 жылдан 1974 жылға дейін орта мектепте оқыдым.1974ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны 1980 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірдім. 1980 жылдың тамызында Қызылорда облысының ауруханасына дәрігер – хирург қызметіне қабылданып, онда 1983 жылдың тамызына дейін жұмыс істедім.

   1983 жылдың тамызынан 1985 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласының №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып еңбек еттім. 1985 жылы А.Н.Сызганов атындағы қазақ клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылыми - зерттеу  институтының клиникалық ординатурасына түсіп, бүкіл оқу мерзіміне РСФСР ДМ проктология ҒЗИ Мәскеу қаласына жолдама алдым.

   1988 жылы ординатураны бітіргеннен кейін ҚАЗО иРЭЗИ абдомикалық онкохирургия бөлімшесіне аға лаборант болып қабылдандым. 1989  жылы «Ректоселенің  клиникасы, диагностикалау және емдеу» тақырыбынам медицина ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғадым. 1989 жылдың мамырынан ОҚКА – да колопроктология бөлімшесінде дәрігер, 1992 жылдан осы бөлімшенің меңгерушісі болып қызмет еттім. 1997 жылы, «Шап аралығының ісіксіз этиологиялы аурулары бар әйелдерді медициналық сауықтыру» тақырыбына медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғадым. 2005-2007 жылдары Қызылдорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы болып істедім. 2007 жылы, Алматыға оралып, АМДЖИ - дің амбулаториялық хирургия және колопроктология кафедрасында жұмыс істедім. 2012 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Алматы қалалық ШЖҚ «ОҚКА» МҚК директоры болып жұмыс істеп келемін.

   Халықаралық медициналық форумдарға қатысу мақсатымен шетелдерде бірнеше мәрте болдым. 2  ғылым докторы мен 8 ғылым кандидатын даярлап шығардым. 2 монографияның, 137 мақаланың және 12 жаңалық авторымын.

   2004 жылы «Құрмет» орденімен, 2012 жылы «Алтын дәрігер» белгісімен, Қазақстан Республикасы  Президентінің алғыс хатымен, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясының медалімен, «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» , « Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау ұлттық палатасының кәсіби еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталдым.

   Әкем, Абдуллаев Ш.Н., белгілі хирург, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы болған кісі, 2007 ж. дүниеден өтті. Шешем, Қабдешева Ж.К. – зейнеткер. Інім, Нүрғазиев К.Ш. – медицина ғылымының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ онкология кафедрасының меңгерушісі. Қарындасым, Бимамирова Г.Ш. – м.ғ.к., кәсіпкер. Жұбайым, Жакешова А.А. – 1957 ж.,Қызым, Альбруза - м.ғ.к., - жеке клиникада қызмет етеді. Ұлым, Фархад – кәсіпкер, қызым, Рамина – студент.

 


Кейін қайту