Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Алшанов Рахман Алшанұлы

   Алшанов  Рахман Алшанұлы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Бірлік аулында 1947 жылдың 13 қыркүйегінде дүниеге келген. Отбасылы. Бір қызы, екі ұлы бар.

Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ, білімі жоғары, мамандығы – экономист, «Нұр – Отан» ХДП мүшесі.

Рахман Алшанов орта мектепті бітірген соң жұмысшы, мұғалім болып істеді. Армия қатарында әскери борышын өтеді.

1947 жылы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін үздік дипломмен бітірді. Ол үздік оқып қана қоймай үлкен қоғамдық жұмыстармен айналысты. Студенттік құрылыс отрядтарын басқарды.

1973-1987 ж.ж. комсомол комитетінің хатшысы, университет парткомы хатшысының орынбасары, философия-экономика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

1988-1992 ж.ж. Республикалық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры болды.

1992 ж. Қазақстанда алғашқы жекеменшік жоғары оқу орны «Тұран» университетін құрды, 2001 ж. республикадағы жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті болып сайланды.

1985 ж. – кандидаттық диссертация, ал 1992 ж. докторлық диссертацияны қорғады. 150 астам ғылыми мақаланың, 9 монографияның авторы. 

Алшанов Р.А. – халықаралық инженерлік академияның академигі, көптеген университеттердің құрметті профессоры, ҚР премьер-министрі жанындағы Кеңестің экономика саласы бойынша кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі коллегиясының мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы жастар ісі және туризм бойынша кеңестер мен комиссиялардың кеңесшісі болып табылады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевты сайлау кезінде Алматы қаласы бойынша сайлау штабының төрағасы, «Нұр-Отан» ХДП-ның Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Алшанов Р.А. «Халықтар достығы» орденімен, бірнеше медальдар және құрмет белгілерімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.  «Қазақстанның халыққа білім беру үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтарының иегері.


 

№ 1 сайлау округі бойынша

Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат 

Алшанов Рахман Алшанұлының

сайлауалды бағдарламасы

 

  «Нұр Отан» партиясының атынан Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат бола отырып, мен сайлау алдындағы тұғырнамада анықталған партияның бағдарламалық мақсаттарын белсенді түрде өркендету  және іске асыру үшін барынша қызмет етуге дайынмын. Алматы қаласында қол жеткізілген қарқынды нәтижелерге сүйене отырып, жалпы Алмалы ауданын және ішінара № 1 өзімнің сайлау округімді дамытудың өзекті мәселелеріне назар аударуды негізгі мақсатым деп есептеймін.

 

Басты міндет – қалалық бюджеттің қаржы ресурстарын тиімді бөлу мен игерудің негізінде Алматы қаласы мен Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын іске асыруға қол жеткізу, ықпалды ережелер мен нормативтік актілерді қабылдау.

 

Қызметтің басымды бағыттары

Экономика саласында:

- қала аудандарының мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып бюджетті бөлу бойынша ұсыныстарды енгізу;

- Алматы қаласы мен Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге қатысу;

- шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағымды жағдайларды қалыптастыру, қосымша жұмыс орындарын құруға көмектесетін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

 

Әлеуметтік салада:

- аулаларды асфальттауды, арық жүйесін қайта құруды, ауданның тазалығын ретке келтіруді, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды, жалпы ауданды, округті көріктендіру бойынша тиісті қызметтердің жүйелік жұмыстарын жүзеге асыру;

- ауданның инфрақұрылымын дамыту: жеке көшелердің газдандырылуын аяқтау, көшелер мен аулалардың жарықтандырылуын қалпына келтіру;

- ең келешегі бар сәулеттік-қала құрылысының іс-шараларын анықтау мен іске асыру үшін жұмыстардың бас жоспарын МСҚБ бірлесе отырып қарастыру;

- «Тастақ» базарының қайта құрылуының басталуын тездету және ауданның дәстүрлі қалыптасқан келбетін сақтай отырып қазіргі заманға сай сауда орталығын салу жөніндегі мәселелені одан әрі жылжыту;

- ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту: мәдениет нысандарын, жаппай тұрғындардың бос уақытын өткізуге арналған орталықтарды, кинотеатрларды құру;

- аудан тұрғындары үшін барынша жайлы жағдай жасау: қазіргі заманға сай жабдықталған саябақтарды, балаларға арналған және спорттық алаңдарды салу, аулалар мен көшелерді көгалдандыру;

- әлеуметтік тұрғын үйді ұсынуды кеңейтуге көмектесу, оның ішінде аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік саланың қызметкерлері үшін – мұғалімдерге, дәрігерлерге, пошта қызметкерлеріне, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жан-жақты қолдау көрсету;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және көмектесу;

- мектептерді, ауруханаларды, емханаларды, бала бақшаларды қаржыландыруда қалалық бюджеттің әлеуметтік бағыттын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру;

- ауданның мұқтаж тұрғындарына бала бақшаларда орындарды қамтамасыз ету бойынша мәселелердің тездетіп шешілуіне, еңбекақының көтерілуіне көмектесу, бала бақшалардың тәрбиешілерін, медициналық қызметкерлерді материалдық ынталандырудың басқа да шараларын қарастыру;

- Алматы қаласы мен Алмалы ауданы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруды қатаң орындау;

- қалалық бюджетке № 58 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуді қосу бойынша ұсыныстарды енгізу;

- шипажайларға жолдамаларды ұсыну арқылы ардагерлерге көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу мен көріктендіру үшін материалдық көмек көрсету;

 

Білім беру мен ғылым саласында:

- ғылыми-зерттеу жобаларын дер кезінде қаржыландыру, инновациялық жобаларды іске асыру бойынша ғылымның ұйымдарына көмек көрсету;

-  ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қазіргі заманға сай әлемдік стандарттарға сәйкес оларды ғаламтор – ресурстарымен қамтамасыз етілуін ұлғайтуға көмектесу;

- Алматы қаласы мен Алмалы ауданының білім беру ұйымдарының ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етілуінің (оның ішінде электрондық оқулықтармен) сапалы өсуіне көмек көрсету;

- қоғамда ұстаздың рөлі мен мәртебесінің артуына және білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдендірілуінің қамтамасыз етілуіне көмек көрсету;

- балалар мен жастардың бос уақытын өткізудің мәселесін шешу жөніндегі қызметтерді жандандыру, балалардың қызығушылығына қарай аула клубтарының жұмыстарын жаңғырту;

- азаматтық отансүйгіштік, мақсатқа талпынушылық, қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қағидаттарын іске асыру және насихаттау.   

 


Кейін қайту