Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттары

Әділханов Мұрат Әділханұлы



  

   Мен, Әдiлханов Мұрат Әдiлханyлы,  Алакөл ауданы   Алматы облысы  Бұлақты ауылында 1973 жылы  06 ақпанда дүниеге келдiм. Ұлтым - қазақ, Қазақстан республикасының азаматымын. «Жетiсу» институттың «Экономика    және қаржы» мамандығы бойынша бiтiрдiм, экономикалык ғылымы кандидаты, институттың құрметтi профессорымын. Озiм мүшесi болып отырған,  Халық-демократиялық «Нұр-Отан» партиясы депутатқа кандидат етiп ұсынды. Қазiр   қезде  Koktem Group Ltdтың ЖШСы директорымын. Үйленгенмiн, үш балам бар. Әйелiм - Капекова Әлия Сейдуәлi қызы.

 

 

 

 

 

 

 


Медеу ауданының №28 сайлау округі бойынша

Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат

ӘДІЛХАНОВ МҰРАТ ӘДІЛХАНҰЛЫНЫҢ

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

ҚЫМБАТТЫ АЛМАТЫЛЫҚТАР! 
ҚҰ
РМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

         Мен, Әділханов Мұрат Әділханұлы, 1973 жылғы 6 ақпан күні дүниеге келдім. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша және 1997 жылы Жетісу экономикалық институтын экономика мамандығы бойынша тәмәмдадым. Әр жылдарда банк саласында жұмыс істеп, «Алматы сауда банкі» АҚ, «Транс Азия сауда банкі» Акционерлік қоғам құрылтайшысы болдым, 2003 жылдан бастап «KOKTEM GROUP LTD» ЖШС кәсіпорнын басқарамын.

         Мен, өз елімнің азаматы ретінде тек өзімнің сайлау округімде ғана емес, жергілікті басқару билігі деңгейіндегі барлық қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде өз үлесімді қосуға тырысамын және сайлаушыларымның алдында өз жауапкершілігімді сезінемін.

 

 

Құрметті сайлаушылар!

Менің партия мүшесі ретінде басты мақсатым – «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру.

          Алматы қаласының тұрғыны бола отырып, мен Сіздермен бірге күнделікті жұмысқа, дүкенге, түрлі мекемелерге барамын. Көптеген адамдармен сұхбаттаса отырып, олардың мәселелерімен танысып, қаншалықты маған жақын екенін көріп отырмын.

          Мен жұмыстың ең төмен деңгейінен бастап, өз күшіммен және біліктілігіммен түрлі салаларда үлкен тәжірибе жинап келдім.

          Маған қалалық деңгейдегі – монополистердің үстемдігі, ескі тұрғын үйлер, бала-бақшалардағы орындардың жетіспеушілігі, қала көліктерінің толық қамтылмағандығы, бағалардың негізсіз шарықтауы, жұмыспен қамту сияқты өзекті мәселелер мәлім. Сондықтан мен бұл мәселелерді түсініп, олардың шешілу жолдарын білемін. Мен өміріміздің жақсаруына, қаламыздың көркейіп, гүлденуіне аса үлкен үлесімді қосамын.

Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында компаниямыз аса қысқа уақыт ішінде 216 орындық бала-бақша салып, мемлекеттің қарамағына тапсырды. Келесі көзделіп отырған әлеуметтік жоба – орта мектеп құрылысын бастау.

Біз бұндай әлеуметтік жобаларды әрқашан қолдауға тырысамыз және мектептер, бала-бақшалар, ауруханалар салып, қоғамға пайдамызды тигізу - біздің басым бағытымыз.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» Елбасы Жолдауында көресетілген міндеттерді іске асыру мақсатында келесідей мәселелерді көтеру қажет деп ойлаймын:

        

         1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қосымша құрылысы:

- барлық кезекте тұрған отбасылар қысқа уақыт ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылу керек;

- балабақша ақысы қолжетімді бағада болуы керек;

- балабақшалардағы орындардың жетіспеушілігін тиімді шешу мақсатында олардың құрылысын арттыру керек. 

        

         2. Әлеуметтік бағдарлама:

- қала дүкендері мен базарлардағы бағалардың өсуіне қатаң депутаттық бақылау жүргізу. Бағалардың негізсіз өсуіне тиім салу;

- тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау көрсету;

- медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімдігін арттыру;

- балалардың ойын аулалары мен қала тұрғындарының демалыс орындарын көріктендіру.

 

         3. Экономика және кәсіпкерлік салаларын дамыту:

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру және насихаттауға ат салысу;

- шағын және орта бизнесті қолдау, іске асырылып отырған заңнама аясында кәсіпкерлердің мүддесін үнемі қолдау.

 

         4. Құқық қорғау саласы:

- жемқорлық және қызметтік құқық бұзушылықпен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына партиялық бақылау жүргізу.

 

Құрметті сайлаушылар!

         Бұл менің алға қойған жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Әрине, күнделікті өмірде әрбіреуімізде қиындықтар жаңа мәселелер туындауы мүмкін. Олардың бәрін бірлесе отырып шешуге әрекет етеміз!

         Қазақстан – біздің ортақ отанымыз! Мен әрбір азаматтың ертеңіне сенемін. Өйткені елімізде білімді де білікті, сенімді, дарынды, абзал азаматтар жеткілікті.

         Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, елімізді 30 дамыған мемлекет қатарына қосылу жолында аянбай еңбек етейік!

        

Құрметті сайлалаушылар!

 

         Сіздерді ағымдағы жылдың 20 наурызында өтетін сайлауға келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын!

 


Кейін қайту