Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

VII шақырылым депутаттары

Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы

   Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы 1986 жылы 20 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Физика-математика мектебін бітіргеннен кейін, 2003 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына (ҚМЭБИ) оқуға түсіп, оны 2006 жылы мерзімінен бұрын үздік бітіріп, іскери әкімшілік бакалавры дәрежесіне және «Қаржы» мамандығына ие болды. Басқарушы магистрі (EMBA) дәрежесін 2018 жылы әлемдегі үздік университеттердің бірі - бизнес саласындағы қолданбалы мамандықтар дайындайтын Лозанна қаласында орналасқан (Швейцария) IMD-дан алды. IMD-де оқу барысында АҚШ, Қытай, Вьетнам және Швейцариядағы жобаларды сәтті аяқтады.

 

   Өзінің еңбек жолын 2006 жылы институтты аяқтай сала, «Ernst&Young» халықаралық аудиторлық компаниясында бастады, соның ішінде мұнай-газ саласындағы аудитке маманданды, атап айтқанда - республиканың «ҚазМұнайГаз» ГБ АҚ, «Қаражанбас Мұнай», «Bonatti S.p.a.» сияқты жетекші мұнай компанияларының аудитіне қатысты. Қызметте жоғарылау ұсынысы түсіп, қазақстандық жеке мұнай кәсіпшілік холдингіне компаниялардың бірінінің акцияларын алғаш орналастыруға дайындау үшін жұмысқа шақырылды. Холдингте қызмет ету кезінде бизнесті бағалауға, бірігу мен қосылуға бағытталған көптеген жобаларға қатысты. Дағдарысқа қарсы меңгеру аясында 2008-2009 жылдары «Sun Drilling» мұнай сервистік компанияларының бірін 1500 адамдық тобымен басқарды.

 

   2009 жылдың сәуірінде өзінің кәсіпкерлік қызметін бастады және бүгінде 12 жылға жуық кәсіпкерлік тәжірибесі бар, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды жабдықтау, өнеркәсіптік тауарларды шығару, халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, еңбекті қорғау саласындағы білім беру, сондай-ақ жеке бизнес-процесстерді толық аутсорсингке беру сияқты кешенді сервистік жобаларды ұйымдастыруда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

 

   Дистрибьюторлық бизнес барысында әлемге әйгілі 3M, Honeywell, DuPont және басқа да әйгілі компаниялармен ынтымақтастық ұйымдастырып, оларды әрбір жеке тауар санаттарында бұрын-соңды болмаған өсіммен қамтамасыз етті. Шоқанов бастаған компаниялар тобының клиенттік базасы Қазақстанның барлық аймақтарында мұнай-газ, тау-кен, металлургия, тамақтандыру және қайта өңдеу салаларында мыңдаған соңғы тұтынушыларды құрады. Компаниялар тобының логистикасы кең желілі сақтау қоймаларынан тұрды және 5 мыңға жуық өнім қамтыды.

   Өзінің қызмет мансабында экономиканың түрлі салаларында бірнеше табысты жаңа бизнес-жобалар ұйымдастырды. Құрылған компаниялардың жұмысы барысында Қазақстанда жасалған, патенттелген және өндірілген өнімдер көрші елдерге экспортталды.

 

   Қазіргі қызметі сонымен қоса әртараптандырылған компаниялар тобын - өндірістік тауарларды шығару және кең тарату, жылдам тамақтану желілері, бөлшектік сауда, бизнес-процесстерді цифрландыру қызметтерін басқаруды қамтиды. Топтың компаниялары 500-ден астам тұрақты жұмысшыны құрайды.

   Соңғы жылдары ол «Өндірістік кәсіпорындар қамтамасыз етушілерінің қазақстандық қауымдастығы» арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен, «Атамекен» ғылыми-өндірістік кешенімен және тиісті министрліктермен тығыз ынтымақтастықта бола тұрып, отандық өндірушілердің мүдделерін алға тартып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.

 

   Әлеуметтік белсенділіктері мен озаттықтары:

● «Қазақстандық өнеркәсіптік қамтамасыз етушілер қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы;

● «D-Mura» Мәдени-Тарихи Мұраны Цифрландыру Қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі;

● Жеті ғылыми-қолданбалы мақалалардың авторы;

● «Astana Mining and Metallurgy» халықаралық көрме жобасының бірлескен ұйымдастырушысы. Жоба мақсаты - Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне инвестицияларды тарту;

● «Kazakhstan International Occupational Safety and Health (KIOSH) Conference and Exhibition» - кәсіпорындарда еңбекті қорғау мәселелері бойынша Қазақстандағы жалғыз халықаралық диалог және көрме алаңының авторы және бастамашысы.

 

   «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 

   Үйленген, екі ұлы және қызы бар.

        

   Қазақстан Халық партиясының мүшесі.

 

   2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

 

Депутатпен байланысуға арналған телефон: 8 701 550 9966

 


Кейін қайту