Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

VII шақырылым депутаттары

Абылқасымова Ақбөпе Бақытжанқызы

   Мен, Абылқасымова Ақбөпе Бақытжанқызы 1979 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келген. Ұлтым – қазақ. Білімім -  жоғары. 1989 жылы ата-анаммен бірге Алматы қаласына көшіп келдім.

   

   1995 жылы №91 орта мектепті үздік бітіріп, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне оқуға түстім. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірдім7 2006 жылы КИМЭП университетіне түсіп, 2008 жылы Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алдым.

   Мектепте және университетте «каратэ-до годзю-рю» спортымен белсенді айналыстым, 1999 жылы Қазақстан чемпионы болдым.

 

   2000 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматы халықаралық әуежайының VIP залында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру агенті ретінде жұмысқа орналастым.

   2008-2011 жж. «HSBC Bank Kazakhstan» Акционерлік қоғамының қазынашылық бөлімінде менеджер болып жұмыс істедім.

   2019-2020 жж. «Артюшенко және Партнерлар» ЖШС-тің заңгері болып қызмет істедім.

   2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Таусамал» тұрғын үй кешенінің үй иелері» тұтынушылар кооперативі Басқармасының төрайымымын және қатарлас заңгерімін.

 

   Қазіргі уақытта мен блог жүргіземін, қысқа әңгімелер жазуға тырысамын.

 

   Отбасылымын, үш бала тәрбиелеп отырмын.

 

   Қазақстан Халық партиясының мүшесі.

 

   2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

 

Депутатпен байланысуға арналған телефон: 8 702 888 1110

 


Кейін қайту