Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Депутаттардың қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі

2018 жылғы 12 наурызда №7 Қалалық клиникалық аурухана ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылауға  байланысты  жиналыс өтті.  
  Жиналыста  Алматы қ. №7 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, 17-ші сайлау округі  бойынша мәслихат депутаты,  м.ғ.д., профессор  М.Ш. Абдуллаев сөз сөйледі:  Парламент палаталарының бірлескен  отырысындаҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі  еліміздің әлеуметтік ахуалын модернизацилауға бағытталған  бағдарламасы уақытылы, өзекті және еліміздің тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік маңызы бар.    Алматы қаласының  мәслихат  депутаты  ретінде атап өткім келеді, сайлаушылармен және тұрғындармен кездесу өткізу барысында, көбінесе Елбасының көтерген бастамалары туралы  сұрақтар  жиі қойылады:

 

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

 

  Елбасы  өз сөзінде «біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз»-деп атап айтты. Біз өз тарапымыздан Елбасының бастамаларына  барынша қолдау көрсетеміз және Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде халқымыздың өмірі мен игілігіне арналған президенттік  жобаларды  іске асыру  үшін барлық күш жігерімізді жұмсаймыз. Жаңа әлеуметтік бастамалар- әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған нақты бағдарлама. Бірінші кезекте, бұл жас отбасыларына  арналған ипотекалық кредиттің жаңа бағдарламасы, Президенттің бастамаларының бірі  халықтың тұрмысы төмен жіктері мен табысы төмен топтардың, студенттер, кіші және орта бизнес өкілдерінің материалдық ахуалын көтеруге бағытталған; Елбасының  ұсыныстары сапалы жоғары білімнің қолжетімділігі және  студент жастардың  тұратын жеріндегі жағдайды жақсарту, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту.

   «Біз әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін міндетті түрде бірге жасайтынымызға сенімдімін» деп атап айтқан  Елбасымен бірге  ынтымақтастығымызды білдіргім  келеді!

 

Обращение Президента Республики  Казахстан Н.А. Назарбаева к народу «Пять социальных инициатив Президента»

 

 


Кейін қайту