Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Депутаттардың қызметі

Жолдауды талқылау

   2018 жылғы 26 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудан активінің отырысы өтті.

   Іс-шараға аудан әкімі, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, аудандық құрылымдардың басшылары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.  

     Отырыс барысында «Атрикс Строй» бастауыш партия ұйымының төрағасы, мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев Жолдаудың бесінші міндеті «Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу» жөнінде баяндама жасады. Өз сөзінде ол Елбасының құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керектігіне көңіл бөлді. Бұл ретте Алматы қаласы құрылыстың қарқынды дамуы арқасында ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, еліміздің әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполисіне айналғандығын атап өтті.

    Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Б. Жапаров, мәслихат депутаты  К. Матыжанов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің бас директоры Т. Хаиров, Абай атындағы ҚазҰПУ 3 курс студенті Д. Ділдәбектің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

 

Обсуждение Послания

Обсуждение Послания

 


Кейін қайту