Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Депутаттардың қызметі

Алматы қаласы республикалық Достық үйінде депутатармен кездесу өтті

   2018 жылы 10 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберіндегі іс-шараларды атқару мен сайлаушылармен есеп беру кездесулер аясында Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Усаинович Нұрымовпен кездесу өтті.

   Іс-шараға Алматы қаласы мәслихаты депутаттары, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты.

  Кездесу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының 2017 жылы атқарған жұмысы, талқыланған және қабылданған заң жобалары таныстырылып, мемлекеттік тілді латын жазуына көшіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру сұрақтары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларын іске асыру жұмыстары талқыланды.

   Сонымен қатар, өткен кездесуде Алматы қаласы мәслихат депутаты, Алматы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы – Ниязова Нурия Исмагиловнаның есебі тыңдалды.

 

Состоялась встреча с депутатами в Доме Дружбы города Алматы

Состоялась встреча с депутатами в Доме Дружбы города Алматы

 


Кейін қайту