Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Депутаттардың қызметі

«Медицина профессорлары клубының» отырысы

   11.11.2017 жылы №7 Қалалық клиникалық аурухананың базасында, осыдан 10 жыл бұрын  №7ҚКА бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  Алматы қаласының 17 сайлау округі бойынша мәслихат депутаты М.Ш.Абдуллаевтың бастамасымен құрылған,  Алматы қаласы  «Медицина  профессорлары клубының»  отырысы өтті.

    Клуб  құрамында Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары кафедраларының профессорлары, аты әлемге танылған қазақстандық дәрігерлер, ғылым мен дәрігерлік практиканы қатар алып жүрген дәрігерлер, медицина саласындағы жас мамандардың тәлімгерлерінің бір топ   шоғырын құрайды және  клуб отандық медицина, медициналық білім, жоғары оқу орнындағы  ғылыми зерттеу жұмыстары, клиникалық практиканың  дамуы, түрлі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған  дискуссиялық алаң ролін атқарады.     

   «Медицина  профессорлары клубының» кезекті отырысы Қазақстанда тамырлық хирургияның дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан, белгілі хирург-дәрігер, Қазақ  медициналық үздіксіз білім беру  университетінің тамырлық және эндоваскулярлық  хирургия кафедрасының профессоры С.Е.Тұрсынбаевтың мерейтойы  қарсаңында өтті. Клуб төрағасы мен клуб мүшелері мерейтой иесін атаулы мерекесімен құттықтады және оған клуб  сертификатын табыс етті. Клуб отырысында профессор С.Е.Тұрсынбаев  әріптестерімен оның басшылығымен жұмыс істеп жатқан ғылыми топтың флебология және  магистралдық тамырлар хирургиясын дамыту бағытында атқарылып жатқан  күрделі зерттеу  жұмысы туралы пікір бөлісті. 

   Медицина ғалымдарынан құрылған  топ инъекциялық үлгіде есірткіге тәуелді  науқастарда  магистралдық тамырлар қабырғасының зақымдануы  патогенетикалық механизмі тұжырымдалды  және  зерттелді. Пациенттердің  аталған категориясында тамырлар зақымдануының классификациясы ұсынылды және енгізілді. Сонымен бірге, тамырлық арнаны қалпына келтіру мүмкіндігін бағалау үшін магистралдық тамырлар қабырғасына экспресс – биопсия жасау әдісі құрастырылды.

   Профессор Қазақ  медициналық үздіксіз білім беру  университетінің соңғы жылдардағы тамырлық хирургия кафедрасының ғылыми қызметінің негізгі  еңбектернің қорытындысымен бөлісті.Оның тұжырымы бойынша  кафедра ангиохирургиядағы  жаңа диагностикалық  және емдеу әдістерін меңгеру орталығы болып табылады. Клуб отырысына  медицинаның 36 профессоры қатысты. Олар  өздерінің медициналық зерттеулерінің және  ғылыми еңбектерінің негізін салды, қазақстандық  медицинаға және ғылымға аттарын алтын әріппен жазған тұлғалар. Оларды еліміздің медицина саласының  мақтанышы деп атай аламыз. 

 

Заседание  «Клуба  профессоров  медицины»

 

Заседание  «Клуба  профессоров  медицины»

 

 

 


Кейін қайту