Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Депутаттардың қызметі

«Әлеуметтік нан» науқаны үнемі жалғасады

Қазан айында Қазақстан Республикасында дәстүрлі қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні тұрмысы төмен қарт адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек көрсетіледі.  Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «MagnumCash&Carry» ЖШС бас директоры Александр Гарбер және «MagnumCash&Carry» компаниясы әрқашан ардагерлерге және халықтың әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетеді және қайырымдылық шараларға белсенді түрде қатысады. Қарттар күнін атай отырып, зейнеткерлер мен тұрмысы төмен топтағы азаматтарды қолдау мақсатында «MagnumCash&Carry» сауда алаңдарында сағат 10.00-ден күн сайын (Express форматын қоспағанда) арнайы бағамен әлеуметтік нан партиясы қойылатын болады. Жоба халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған және үнемі жалғасатын болады. Бір нанның бағасы 30 теңгені құрайды. 

 


Кейін қайту