Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Депутаттардың қызметі

Комиссия отырысы

   2017 жылдың 25 қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында Әміржан Нәбиевтің төрағалығымен Алматы қаласы Мәслихатындағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша комиссияның отырысы өтті.

   Іс шараға  комиссия мүшелері, басқарма басшылары, мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.

 

   Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

І. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

ІІ. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

ІІІ. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша комиссияның құрамын өзгерту туралы.

 

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Рахимов Азамат есеп берді.

   Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Кенжебеков Нұржан есеп берді.

   Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Рахымхан Диас сөз сөйледі.

   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша комиссияның жаңа құрамы бекітілді. 

 

Заседание Комиссии

Заседание Комиссии

Заседание Комиссии

 

Заседание Комиссии

 


Кейін қайту