Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Депутаттардың қызметі

Мәжіліс депутатымен кездесу

   Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының Қаулысына сәйкес, 2017ж. 1 шілдесінен 30 тамызға дейін Алматы қаласында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Жолдауын жүзеге асырылуын  түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде.

    Мәжіліс депутаттарының бекітілген жеке кездесулер кестесіне сәйкес, 22 тамыз күні Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы Бычкова Светлана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев, Департамент басшысы Ержан Ибраимов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Қуанышева қатысты.

    Депутат С.Бычкова өз сөзінде еліміздің өкілдік органы болып табылатын Мәжілістің екінші сессияда атқарған қызметі және де қабылданған Заңдар туралы айтып өтті.  Сонымен қатар депутат шара барысында мемлекеттік бағдарламаларға қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, жүйелі реформалар мен рухани жаңғырудың маңыздылығын ескерді.

Өз кезегінде Мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев қаланың базарлары мен гүл бизнесіндегі кедендік рәсімдеу мен салық салымдары жөніндегі қордаланған мәселелерді көтерді. Яғни, олардың қызметіндегі ашықтықты және қалалық бюджетке салымдарын реттеуді заң жүзінде Парламенті деңгейінде шешу керектігін айтып өтті.  

    Іс-шара соңында Департамент қызметкерлері қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу жөнінде ой қозғап, қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгертулер енгізу туралы өз ұсыныстарын берді.

 

Встреча с депутатом Мажилиса

 

Встреча с депутатом Мажилиса

 

 

 


Кейін қайту