Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Депутаттардың қызметі

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы нысандарды аралау

   Бюджет қаржысын және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді жұмсауды қадағалау және партиялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласы Мәслихатыдағы «Нұр Отан» партисының депутаттық фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия рейдке шықты.

   Іс шараға  комиссия мүшелері, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының, мердігер компаниялардың және БАҚ-ң өкілдері қатысты.

   Әміржан Нәбиев бастаған комиссия мүшелері Алатау ауданындағы «Қызмет көрсету нысандары бар көпқабатты құрылыс барысымен және инженерлік желілерді тарту» жұмыстарымен танысты («Нұркент» 2-ші кезең). Шара барысында «Сигма» мердігер компанияның басшылары комиссия мүшелеріне құрылыстың мән-жайын айтып өтіп, жұмыстардың кестеге сай жүріп жатқандығына сендірді. Аталған жобаға 592,26 млн. теңге бөлініп, оның 519,7 млн.теңгесі игерілді. Және де жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталатынын айтты.

   Комиссия төрағасы, қалалық Мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев өз кезегінде мердігер компаниясына аталған маңызды нысандарға бөлініп жатқан бюджеттік қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалануын «Нұр Отан» партиясы мен депутаттар қатаң қадағалауда ұстап тұрғандығын ескертті. Және де жұмыстарды кестеге сай жүргізіп, сапаға мән беруін айтып өтті.

 

Посещение объектов в рамках программы «Нұрлы Жол»

Посещение объектов в рамках программы «Нұрлы Жол»

Посещение объектов в рамках программы «Нұрлы Жол»

Посещение объектов в рамках программы «Нұрлы Жол»

 


Кейін қайту