Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Депутаттардың қызметі

Депутаттар Сайран көлінің маңында тұратын тұрғындармен жүздесті

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары кездесу өткізді. Экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға мүше депутаттар қатарында @kobeevaaltynai, @ibraimov.ermakhan, @assiyaakanova, @asselya_kurmanbek, @shokanov.nursultan бар.

 

Депутаттар Сайран көлінің маңында тұратын тұрғындармен жүздесіп, олардың тарапынан түскен өтініштерді қарастырды. Тұрғындар төмендегідей ұсыныстар мен сауалдар жолдады:

 

1)Көлдің Алмалы ауданымен шектескен жағалауын абаттандырып, саябақ аймағын көркейту.

2)Балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдарын орнату және жазғы маусымды жасыл желекті уақытылы суару.

3) Жағалау аймағына полиция бекетін орнатып, іске қосу.

4) Қоғамдық орындардағы стационарлы дәретханадардың жұмысы (бүгінгі күні бұл қызмет жұмыс істемейді).

5) Тұрғындар өміріне қауіп төніретін қаңғыбас иттердің мәселесін шешу.

 

Еске салсақ, бұған дейінгі мәслихат комиссиясының отырысы кезінде көлді кешенді дамытудың жобасы таныстырылған болатын. Сайран көлінің аумағы, спорт желілерін кеңейтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, қысқы және жазғы маусымдарда спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайлы орын.

 

Тұрғындардың ұсыныстары мен сауалдары бойынша барлық өтініштер жинақталып, тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады.

 

Встреча состоялось с жителями проживающими в районе озера Сайран

 

 


Кейін қайту