Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Депутаттардың қызметі

Балаларды оңалту жөніндегі орталығында кездесу

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсел Құрманбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бекқали Торғаев және Артур Платоновпен бірге «Шапағат» көпсалалы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, аутизмі бар балаларды оңалту жөніндегі «Асыл мирас» орталығында және Болат Өтемұратов қорының орталықтарында болды.

 

Аталған орталықтар аутистік аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың дерттерін ерте сатыда анықтауға, балаларды әлеуметтендіруге және олардың қажетті дағдыларын дамытуға бағытталған. Тегін қызмет көрсететін бұл орталықтар, күн сайын әлемнің үздік әдістемелері бойынша 40-қа жуық балаға кәсіби көмек көрсете алады. Балалар қысқа мерзімде орталықта жүргізілетін арнайы әдістердің көмегімен оң нәтижелерге қол жеткізеді.

 

Кездесу соңында орталық қызметкерлері депутаттарға көкейтесті сауалдарын жолдап, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетуде, арнайы мамандар қажеттігін және оларды оқыту бойынша ұсыныстарын айтты.

Встреча в центре реабилитации детей

 

 


Кейін қайту