Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Депутаттардың қызметі

Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды

Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары @maxim_finogenov@nabiyev.amirzhan@mukhtar_zuleyev@askat_kabashev@zauresh.umirbaeva  Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды. Әскери бөлім стратегиялық маңызды мемлекеттік объектілердің күзетін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған.


Депутаттар Ұлттық ұланның қаржыландыру көлемін тиісінше ұлғайту, әскери қызметшілерге арнайы киім-кешек, қару-жарақ, арнайы құралдар мен қажетті жабдықтар сатып алуға қосымша қаражат бөлу қажеттігін атап өтті. Депутаттар әскери бөлім ғимаратын күрделі жөндеу, ақпараттық стендтерді ауыстыру, сондай-ақ саптық плацты жөндеу қажеттігін атап өтті.

Депутаттар өз қаражаты есебінен әскери бөлім аумағындағы стендтерді жаңартты.

Жыл басында орын алған тәртіпсіздіктер әскери саладағы кадрлық мәселелерден, әскерлерді жабдықтаудан, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғаудан бастап, жастар мен әскери қызметшілерге әскери – патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыруға дейінгі жүйелі проблемаларды анықтады. Депутаттар осы мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органдардың атына хаттар жіберетін болады.

 

Депутаты Маслихата города Алматы посетили воинскую часть Национальной гвардии

 

 


Кейін қайту