Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Депутаттардың қызметі

Елбасының Жолдауын талқылау

   19 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған   «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» аттыжолдауын талқылап, түсіндіру мақсатында Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев №52 жалпы білім беретін мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді.  

   Іс-шараға Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова қатысты.

   Жиынды аша отырып, Әміржан Нәбиев бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқталып, оның мазмұнымен таныстырып өтті. Жолдауда халықтың тұрмыстық сапасын арттыруға қатысты, ахуалына әсер ететін маңызды мәселелер көтерілгегін жеткізді. Ең алдымен Елбасы Жолдауы барша ұстаздар қауымын қуанышқа бөледі, деп атап өтті. Еліміздің тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болады.  Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екенін атап өтті.

   Сонымен қатар, Әміржан Нәбиев Президенттің тапсырмасына сәйкес, білім берудің жаңа сапасына баса назар аудару керектігін ескерді. Жаңа Жолдауда Елбасы білім беру жүйесінің жақын арадағы мақсаттарын нақты көрсетіп, мұғалімдерге білім беру қызметтерін ұсынуда одан да жоғары көрсеткіштерге жету үшін бағдар беріп отырғандығын жеткізді. Және де «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін нақтылап жеткізді.

Кездесу аясында депутатқа мектеп алаңдарының жағдайы туралы сұрақ қойылды. Және де округтегі қоғамдық көлік пен аялдамадар, жалпы инфрақұрылым  туралы қойылған сұрақтарға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов жауап берді.

 

Обсуждение Послания Президента

Обсуждение Послания Президента

 

 


Кейін қайту