Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Депутаттардың қызметі

Елбасының Жолдауын талқылау

   10 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» аттыжолдауын талқылап, түсіндіру мақсатында Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев №4 гимназиясының ұстаздар ұжымымен кездесті.  

   Жиынды аша отырып, Әміржан Нәбиев бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқталып, оның мазмұнымен таныстырып өтті. Жолдауда халықтың тұрмыстық сапасын арттыруға қатысты, ахуалына әсер ететін маңызды мәселелер көтерілгегін жеткізді. Ең алдымен Елбасы Жолдауы барша ұстаздар қауымын қуанышқа бөледі, деп атап өтті. Еліміздің тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болады.  Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екенін атап өтті.

   Сонымен қатар, Әміржан Нәбиев Президенттің тапсырмасына сәйкес, білім берудің жаңа сапасына баса назар аудару керектігін ескерді. Жаңа Жолдауда Елбасы білім беру жүйесінің жақын арадағы мақсаттарын нақты көрсетіп, мұғалімдерге білім беру қызметтерін ұсынуда одан да жоғары көрсеткіштерге жету үшін бағдар беріп отырғандығын жеткізді. Және де «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін нақтылап жеткізді.

   «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова өз кезегінде жиынға қатысушыларды Елбасының Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыруға белсенділік танытып, өз үлестерін қосуға шақырды.

   Кездесу аясында депутатқа «7-20-25» әлеуметтік бағдарламасына қатысты және де округтегі мәселелер, яғни қоғамдық көлік пен аялдамадар, жалпы инфрақұрылым  туралы сұрақтар қойылды. 

 

Обсуждение Послания Президента

Обсуждение Послания Президента

Обсуждение Послания Президента

Обсуждение Послания Президента

 

 


Кейін қайту