Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Декабрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сайлау округтерінің шекаралары

 

Алматы қалалық сайлау бойынша алтыншы шақырылған мәслихат депутаттарын сайлау округтерінің шекаралары

 

 

 

Сайлау округінің

нөмірі
 

Округтік сайлау комиссиясының

орталығы

 

Сайлау округтері шекараларының анықтамасы

13

 

(округтің картасы)

А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы, Достық шағынауданы, Садуақасов көшесi, 27 үй

Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай, Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жағымен Достық шағынауданындағы Пригородная көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Пригородная көшесінің батыс жағымен Ардагерлер үйінің қоршауына дейін. Ардагерлер үйінің қоршауынан батысқа қарай, Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесінің батыс жағымен солтүстікке қарай, Достық шағынауданындағы Волгоградская көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Волгоградская көшесінен шығысқа қарай Момышұлы көшесіне дейін. Момышұлы көшесінің батыс жағымен, солтүстікке қарай, Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің солтүстік жағымен, шығысқа қарай Саин көшесіне дейін. Саин көшесінің батыс жағымен, солтүстікке қарай, Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен батысқа қарай, Достық, Алтын бесік, Ақсай-1, 1-А, 3-А, 3-б және Ақсай-5 ықшамаудандарындағы тұрғын үй алаптарын қоса отырып, Қарғалы өзеніне дейін.


14

 

(округтің картасы)
Алматы қаласы, Әйгерім ықшамауданы,Ленин көшесі, 34 үй,  №149 Жалпы білім беру мектебі  Райымбек даңғылы мен Карпатская көшесінің қиылысынан  бастап. Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) Момышұлы көшесіне дейін. Момышұлы көшесі бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта (оңтүстік  жағы) Шәріпов көшесіне дейін. Шәріпов көшесі бойымен солтүстік-шығыс бағытта (шығыс жағы) Рүстемов көшесіне дейін. Рүстемов көшесі бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Шәріпов көшесіне дейін. Шәріпов көшесінің бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы)Момышұлы көшесіне дейін. Момышұлы көшесі бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Ақын Сара көшесіне дейін. Ақын Сара көшесі бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Боролдай өзеніне дейін. Боролдай өзенінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта (оңтүстік-батыс жағы) Жарқынбаев көшесіне дейн. Жарқынбаев көшесінің бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Ысқақов көшесінің қиылысына дейін. Қосағаш көшесінің бойымен оңтүстік шығыс бағытта (оңтүстік-батыс жағы) Көкорай көшесіне дейін. Көкорай көшесі бойымен оңтүстік батыс бағытта (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) Карпатская көшесіне дейін. Карпатская көшесі бойымен оңтүстік бағытта (батыс жағы) Райымбек дағылына дейін.

15

 

(округтің картасы)
 Алматы қаласы, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй, №176 мектеп - гимназиясы Райымбек даңғылының оң жақ беті бойымен Карьерная  көшесінен бастап шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Райымбек даңғылынан бастап Қарғалы өзенінің  батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен  батыс бағытта  Әуезов көшесіне дейін, әрі қарай «Алатау» сауықтыру орталығының солтүстік шекарасын бойлай, Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің  батыс жағымен оңтүстік бағытта ауданның оңтүстік –батыс  шекарасына дейін.  Ауданның оңтүстік- батыс шекарасынан , Наурызбай  батыр көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесінің Ақсай өзенімен қиылысына дейін. Ақсай өзенінің  шығыс жақ бетімен , солтүстік бағытта аудан шекарасын айналып өтіп «Ақсай» карьерін бойлап Карьерная көшесіне дейін , әрі қарай  Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен ауданның батыс шекарасын  айналып өтіп  солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. 
 

16

 

(округтің картасы)
№37  жалпы білім беру мектебі, Рысқұлбеков көшесі, 20 үй  Саин көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойымен (оңтүстік беті) шығысқа қарай Навои көшесіне дейін. Навои көшесінің бойымен (шығыс беті) солтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін. Тоқтабаев көшесінің бойымен (оңтүстік беті) шығысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін. Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай Навои көшесіне дейін, Навои көшесінің бойындағы 310, 312А, 312, 314А, 314, 314Б үйлерді қоса. Навои көшесінің бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай Орбита-1  ықшамауданындағы 1, 2, 6 үйлерді коспағанда әл-Фараби даңғылына дейін әл-Фараби даңғылы бойындағы 131, 133 үйлерді қоса есептегенде. әл-Фараби даңғылынан бастап Саин көшесінің бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Орбита-4 ықшамауданындағы 11 үйді есептемегенде Рысқұлбеков көшесіне дейін.

17

 

(округтің картасы)
№40 жалпы білім беру мектебі, Орбита-3 ықшам ауданы, Біржан көшесі, 35 үй   Іле-Алатауы ұлттық саябағы шекарасының Ақсай өзенімен қиылысынан солтүстік бағытта, Ақсай өзенінің шығыс жақ бойымен Тастыбұлақ өзенімен қиылысына дейін.  Тастыбұлақ өзенінің шығыс бетімен, солтүстік бағытта, әрі қарай «Алатау» емдік-сауықтыру орталығының батыс және солтүстік шекарасын айналып өтіп, Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінен шығыс бағытта (оңтүстік беті), Қарғалы өзеніне дейін.  Қарғалы өзені  бойымен оңтүстік бағытта (батыс беті) Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесі бойымен (оңтүстік беті) шығыс бағытта және Таугүл-3 ықшамауданы шекарасына дейін. Таугүл-3 ықшамауданының оңтүстік-батыс шекарасы бойымен оңтүстік бағытта (батыс беті) Рахат шағынауданына дейін. Рахат шағынауданының солтүстік жағымен шығысқа қарай Асқаров көшесіне (оңтүстік беті) дейін. Асқаров көшесі бойымен шығыс бағытта Саин көшесіне дейін.  Саин көшесі бойымен  шығыс бағытта (оңтүстік беті) Орбита -4 ықшамауданының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 11 үйлерін қоса Навои көшесіне дейін.  Навои көшесі бойымен  (батыс беті) солтүстікке қарай Біржан көшесіне дейін, Орбита-2 ықшамауданы үйлері, 1, 2, 6 үйлер. Навои көшесімен оңтүстікке қарай 310А үйге дейін. 310А үйден шығысқа қарай  Үлкен Алматы өзеніне дейін, әрі қарай Үлкен Алматы өзені бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан 125, 127, 129, 135, 135А үйлерді және Навои көшесі бойында орналасқан 310А, 316, 318, 320, 322, 324, 326, 328, 330, 332 үйлерді қоса. Әл-Фараби даңғылы бойымен  шығысқа қарай (оңтүстік беті) Алатау шағын ауданына дейін. Әл-Фараби даңғылынан  Алатау шағын ауданының батыс шекарасы бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай, әрі қарай Алатау шағын ауданының Самал көшесімен Нұрлытау шағынауданының солтүстік  шекарасына дейін.  Нұрлытау шағынауданының шығыс шекарасының бойымен оңтүстікке қарай  Наурызбай ауданының шекарасына дейін.  Наурызбай ауданы шекарасы бойымен оңтүстік батысқа, әрі қарай  батыс, әрі қарай солтүстікке Ақсай өзенімен қиылысына дейін. Округ шекарасына Тастыбұлақ, Таусамалы,  Қарағайлы,  Қарғалы, Құрамыс,  Ақжар, Рахат, Қалқаман-2 оңтүстік бөлігі, Дарын, Мирас, Хан-Тәңірі,  Нұрлытау шағын аудандары қосылады.
 

18

 

(округтің картасы)
№146 жалпы білім беру мектебі, Гагарин даңғылы, 311 үй 

Гагарин даңғылынан бастап Си Синхай көшесінің бойымен 6-шы үйді есепке алмағанда (оңтүстік беті) шығысқа қарай Жароков көшесіне дейін. Жароков көшесінен бастап (оңтүстік беті) шығысқа қарай Экспериментальды база көшесіне дейін, 1А, 1Б үйлерін қоса есептегенде. Экспериментальды база көшесінен бастап (оңтүстік беті) шығысқа қарай Академгородок ықшамауданымен қоса әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шекарасына дейін. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шекарасының бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Ерменсай ықшам ауданының солтүстік шекарасына дейін, ары қарай оңтүстікке қарай Ерменсай ықшамауданының шығыс шекрасының бойымен Ремизовка өзеніне дейін. Ремизовка өзенінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Бостандық ауданының шығыс шекарасының қиылысқан жеріне дейін (батыс беті). Ауданның шекарасынан (батыс беті) оңтүстік-шығыс бағытта қаланың шекарасына дейін. Қаланың шекарасынан батысқа қарай, ары қарай солтүстік-батыстан Наурызбай ауданының шекарасының қиылысқан жеріне дейін. Наурызбай ауданының шекарасының бойымен солтүстікке қарай Нұрлытау ықшам ауданына дейін.  Нұрлытау ықшам ауданының шығыс шекарасының бойымен солтүстік бағытқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін. Үлкен Алматы өзені бойымен (шығыс беті) солтүстікке қарай Витебский көшесіне дейін. Витебский көшесінің бойымен 12В,10/1 үйлерін есептемегенде, Жароков көшесіне дейін. Жароков көшесінің бойымен (шығыс беті) солтүстік-батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, 296 үйді есепке алмағанда. Гагарин даңғылынан бастап солтүстікке қарай (шығыс беті) 215, 223 үйлерді және Байқадамов көшесіндегі 10-шы үйді қоса есептегенде Си Синхая көшесіне дейін. Округ шекарасына Нұрлытаудың солтүстік-шығыс беті, Ерменсай, Алатау, Қазақфильм, Бағанашыл, Алмагүл, Академгородок ықшам аудандары қосылады.

19

 

(округтің картасы)
 №22 мектеп-гимназия, Сәтбаев көшесі, 69 үй

Үлкен Алматы өзенінен бастап Абай даңғылы бойымен (оңтүстік беті) шығысқа қарай Клочков көшесіне дейін. Клочков көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Радостовец көшесіне дейін. Радостовец көшесінен бастап (солтүстік беті) оңтүстікке қарай Тимирязев көшесіне дейін. Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік беті) батысқа қарай 78, 80, 80А үйлерді және Розыбакиев көшесінің бойындағы 125/6 үйді қоса есептегенде 20-Линия көшесіне дейін. 20-Линия көшесінің бойымен (шығыс беті) оңтүстікке қарай Өтепов көшесіне дейін 33, 35, 37. 89Б үйлерді қоспағанда. Өтепов көшесінен бастап Каблукова көшесінің бойымен (шығыс беті) солтүстіке қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін. Үлкен Алматы өзенінен бастап солтүстікке қарай (шығыс беті) Абай даңғылына дейін.

 

20

 

(округтің картасы)
№73 мектеп-гимназия, Басенов көшесі, 14 үй 

Радостовец көшесінен бастап Жандосов көшесінің бойымен (оңтүстік беті) шығысқа қарай Жароков көшесіне дейін. Жароков көшесінің бойымен 164, 166 ,168 үйлерді қоса есптегенде (батыс беті) оңтүстікке қарай Си-Синхай көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойындағы 217, 219, 221, 223/1, 225 үйлерді қоспағанда. Си-Синхай көшесінен бастап (солтүстік беті) батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін. Гагарин даңғылының бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай 215, 215А, 223 үйлерді және Байқадамов көшесінің бойындағы 10-шы үйді, Гагарин даңғылы бойындағы 296-шы үйді, Достық қиылысы көшесіндегі 36-шы үйді және Алмагүл ықшамауданындағы 51-ші үйді қоспағанда Жароков көшесіне дейін. Жароков көшесінен бастап (батыс жағы) оңтүстікке қарай Витебский көшесіне дейін, 6, 8, 10/1, 12В үйлерді қоспағанда. Витебский көшесінен бастап Тропинин көшесінің бойымен (солтүстік беті) оңтүстік-батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін. Гагарин даңғылы бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін. әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін. Үлкен Алматы өзенінен бастап (шығыс жағы) солтүстікке қарай Каблуков көшесіне дейін. Каблуков көшесінен бастап (батыс жағы) оңтүстікке қарай Өтепов көшесіне дейін, 33, 35, 37, 89Б үйлерді қоса есептегенде. Өтепов көшесінің бойымен 20-Линия көшесіне дейін. 20-Линия көшесінен бастап (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тимирязев көшесіне дейін. Тимирязев көшесінен бастап 78, 80, 80Б, 80А, 82 және Розыбакиев көшесіндегі 125/6 үйді қоспағанда (оңтүстік беті) шығысқа қарай Радостовец көшесіне дейін. Радостовец көшесінен бастап (шығыс беті) солтүстікке қарай Жандосов көшесіне дейін.

21

 

(округтің картасы)
 №51 мектеп-гимназия, Мүсірепов көшесі, 23 үй

Клочков көшесінен бастап Абай даңғылының бойымен (оңтүстік беті) шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін. Есентай өзенінің бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай Шагабутдинов көшесінің бойындағы 217, 219, 219А, Бухар жырау бульвары бойындағы 33, 37 үйлер, Көктем-1 ықшамауданындағы 28, 29 үйлерді қоса есептегенде  және Көктем-2 ықшам ауданындағы 1-ден 15-ке дейінгі үйлерді, Тимирязев көшесіндегі 41, 43, 45 үйлерді қоспағанда Байзақов көшесіне дейін. Байзақов көшесінен бастап (шығыс беті) оңтүстікке қарай Тимирязев көшесіне дейін. Тимирязев көшесінен бастап (оңтүстік беті) шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін. Есентай өзенінің бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай Шашкин көшесінің бойындағы 7, 9, 9А, 9Б, 9В, 13 үйлерді қоса әл-Фараби даңғылына дейін. әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Бәйшешек көшесін және Ремизовка ықшам ауданын қоса есептегенде. Ремизовка ықшам ауданының шекарасының бойымен әл-Фараби даңғылына дейін.Әл-Фараби даңғылының бойымен (шығыс беті) батысқа қарай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шекарасына дейін. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шекарасынан (шығыс беті) батысқа қарай Экспериментальды база көшесіне дейін, 1А, 1Б үйлерді және Академгородок ықшам ауданын қоспағанда. Экспериментальды база көшесінен бастап (солтүстік беті) батысқа қарай Ботаника бағы ықшам ауданын қосқанда Жароков көшесіне дейін. Жароков көшесінің бойымен (шығыс беті) солтүстікке қарай Си-Синхай көшесіндегі 6-шы үйді, Жароков көшесіндегі 217-ден 225-ші үйлерді қосқанда және Си Синхай көшесіндегі 1, 3, 5 үйлерді, Қырғыз көшесіндегі 2, 4, 6 үйлерді, Өтепов көшесіндегі 2-ші үйді, Жароков көшесіндегі 210, 212, 210Б, 164, 166, 168 үйлерді есепке алмағанда Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінен бастап (шығыс беті) солтүстікке қарай Клочков көшесіне дейін. Клочков көшесінен бастап (шығыс беті) солтүстікке қарай Абай даңғылына дейін.

 

22

 

(округтің картасы)
№138 гимназия, Көктем-1 ықшам ауданы, 26 үй  Есентай өзенінен бастап Абай даңғылының бойымен (шығыс беті) оңтүстікке қарай Фурманов көшесіне дейін. Фурманов көшесінің бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін. әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай Есентай өзеніне дейін. Есентай өзенінің бойымен (шығыс беті) солтүстікке қарай Шашкин көшесінің бойындағы 7, 9, 9А, 9Б, 9В, 13 үйлер кірмейді, Тимирязев көшесіне дейін. Тимирязев көшесінің бойымен (солтүстік беті) батысқа қарай 45-ші үйді қосқанда Есентай өзеніне дейін. Есентай өзенінің бойымен   Көктем-1 ықшам ауданындағы 29, 28 үйлерді, Бұхар жырау бульварының бойындағы 33, 37 үйлерді және Шагабутдинов көшесінің бойындағы №217, 219, 219А үйлерді қоспағанда Абай даңғылына дейін.
 

23

 

(округтің картасы)
 Алматы қаласы, Победа көшесі, 26, № 80 жалпы білім беру мектебі

Жансүгіров көшесінен Великолукский көшесімен батысқа қарай Палладин көшесімен Сай арқылы Палладин көшесіне дейін (солтүстік жағы); Палладин көшесімен оңтүстікке қарай № 172 «А» үйге дейін; Палладин көшесімен айналым көшемен батысқа қарай Мұқатай көшесіне дейін (солтүстік жағы); Мұқатай көшесімен солтүстікке қарай Павлодарский көшесіне дейін; Павлодарский көшесімен батысқа қарай Есентай өзеніне дейін (солтүстік жағы); Есентай өзенінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Бурундайский көшесіне дейін (батыс жағы); Бурундайский көшесімен батысқа қарай Северное кольцо көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Северное кольцо көшесімен оңтүстікке қарай ҮАК-на дейін.

ҮАК-нан солтүстік-батысқа қарай Өжет шағын ауданы Бекболат көшесімен Фрунзе көшесіне дейін (шығыс жағы); Фрунзе көшесімен солтүстікке қарай Өжет шағын ауданы Шаған көшесіне дейін (шығыс жағы); Шаған көшесінен Шарын көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Шарын көшесімен солтүстікке қарай Гагарин көшесімен Үкілі Ыбырай көшесіне дейін (шығыс жағы); Үкілі Ыбырай көшесімен Қарасу өзеніне дейін (солтүстік жағы); Қарасу өзенімен Градокомплекс № 136 үйге дейін (шығыс жағы), №№ 136, 128 «Г», 133 үйлерді қоса алғанда № 140 «А» үйге дейін; № 140 «А» үйден шығысқа қарай айналым көшемен 1-ші Высоковольтный көшесі № 51 үйге дейін (оңтүстік жағы); № 51 үйден солтүстікке қарай 1-ші Высоковольтный көшесі № 9 үйге дейін (шығыс жағы); айналым көшемен шығысқа қарай 1-ші Высоковольтный көшесі № 14 үйге дейін (оңтүстік жағы); 1-ші Высоковольтный көшесі № 14 үйгден солтүстікке қарай Высоковольтный көшесі № 36 үйге дейін (шығыс жағы); Высоковольтный көшесі № 36 үйден шығысқа қарай № 36 «А» үйге дейін (оңтүстік жағы); Высоковольтный көшесі № 36 «А» үйден солтүстікке қарай мичурин көшесі № 84 үйді, Озерный көшесі № 134 үйді қоса Құсайынұлы көшесіне дейін (шығыс жағы); Құсайынұлы көшесімен солтүстікке қарай Бурундайский көшесіне дейін (шығыс жағы); Бурундайский көшесімен батысқа қарай қала шекарасына дейін (солтүстік жағы); қала (аудан) шекарасымен Высоковольтный желісімен (шығыс жағы) Есентай өзеніне дейін; Есентай өзені бойымен солтүстікке қарай Первомайский шағын ауданы Интернациональный көшесі № 1-51 «А» үйге дейін (шығыс жағы), Кавказский көшесіне дейін; Казский көшесімен солтүстік-шығысқа қарай Мәметова көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Мәметова көшесімен шығысқа қарай № 3 үйге дейін; Мәметова көшесі № 3 үйден оңтүстікке қарай Сай арқылы Степной көшесі Вокзальный көшесінің қиылысына дейін (оңтүстік жағы); Вокзальный көшесімен Вокзальный көшесіндегі үйлерді қоспағанда (батыс жағы) оңтүстікке қарай Жамбыл көшесіне дейін; Жамбыл көшесімен Есентай өзеніне дейін оңтүстікке қарай Дыбенко көшесіне дейін; Дыбенко көшесімен шығысқа қарай Қапшағай трассасына дейін (оңтүстік жағы); Капшағай трассасымен Бурундайский көшесіне дейін (батыс жағы) Жансүгіров көшесімен Великолукский көшесіне дейін (батыс жағы).
 

24

 

(округтің картасы)
Алматы қаласы, Ратушная көшесі, 131 үй, № 112 жалпы білім беру мектебі  Сейфуллин даңғылынан Райымбек даңғылымен (солтүстік-батыс жағы) батысқа қарай Кудерин көшесіне дейін; Райымбек даңғылынан кудерин көшесімен, Северное кольцо көшесімен (шығыс жағы) ҮАК-на дейін; ҮАК бойымен (оңтүстік жағы) Бөкейханов көшесіне дейін; Бөкейханов көшесімен оңтүстікке қарай Серіков көшесіне дейін (батыс жағы); Серіков көшесімен шығысқа қарай Құлагер шағын ауданы № 45 үй айналым көшеге дейін; (оңтүстік жағы); айналым көшемен солтүстікке қарай Құлагер шағын ауданы № 69 үйге дейін шығысқа қарай Омаров көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Омаров көшесімен Сұлтанка өзені бойымен батысқа қарай Палладин көшесі № 42 «В» үйге дейін (солтүстік-шығыс жағы); Палладин көшесі № 42 «В» үйден солтүстікке қарай Жұмабаев көшесіне дейін (шығыс жағы); Жұмабаев көшесімен шығысқа қарай М. Беспақов көшесіне дейін Жұмабаев көшесі № 156 үйге дейін (оңтүстік жағы); М.Беспақов көшесімен оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін (батыс жағы); Омаров көшесімен шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Жансүгіров көшесімен оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай Ермак көшесіне дейін (солтүстік жағы) Рысқұлов даңғылындағы № 68 үйді қоспағанда; Ермак көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Яблочков көшесіне дейін; Ермак көшесінен Яблочков көшесімен Ленский көшесіне дейін; Яблочков көшесінен (солтүстік жағы) Ленский көшесімен сайға дейін; сайдың бойымен Ломоносов көшесіне дейін (батыс жағы); Ломоносов көшесімен шығысқа қарай Сейфуллин даңғылына дейін (оңтүстік жағы); Ломоносов көшесінен Сейфуллин даңғылымен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылына дейін (батыс жағы).