Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі

 

Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі туралы ереже

 

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы

 

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі президиумының құрамы

 

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі комиссияларының құрамы

 


 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

Осы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына және Қоғамдық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Үлгілік ережеге (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Үлгілік ережені, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

 

2. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты болып табылады.

2.2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

2.2.1. азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2.2.2. мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

2.2.3. қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

3. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары

Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) қоғамдық негіздегі қызметі;

2) автономдық;

3) дербестік;

4) жариялылық;

5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

 

4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар:

4.1. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау;

4.2. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;

4.3. мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4.4. азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

4.5. қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

4.6. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

4.7. Заңда қарастырылған қоғамдық бақылау, мониторинг, тыңдау, сараптамаларды жүзеге асыру;

4.8. Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

4.9. қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

 

5. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерініңқұқықтары мен міндеттері

5.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

5.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға кіруге;

5.1.2. осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

5.2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

5.2.1. Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

5.2.2. өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

5.2.3. өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

 

6. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

6.1.   Қоғамдық кеңес Заңмен қарастырылған тәртіпте қалыптасады.

6.1.1. Қоғамдық кеңес отырысында Кеңесті кеңейту мақсатында Кеңес мүшелерін сайлауға және аталмыш Кеңес құрамынан шыққан мүшелердің орнын толтыруына байланысты шешім қабылдануы бек мүмкін;

6.1.2 . Шешім кезінде мынандай нәрселер ескерілуі қажет:

- жұмыс орнының саны

- үміткерлер құжатын қабылдайтын топ құрамы;

6.1.3. үміткерлердің бәйгеге жолдаған құжаттары хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады;

6.1.4. Қоғамдық кеңес мүшелігінен шыққандардың орнын толтыру үшінгі өткізілетін сайлау Кеңестің жалпы отырысы кезінде жүзеге асады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне дауысты ең көп жиған кісі өтеді. Қоғамдық кеңес мүшелері мүшеліктен үміті бар делінген үміткерлерді сайлау алдындағы алқалы жиында олармен жеке-жеке сөйлесуге және сауал қоюға қақылы;

6.1.5. Қоғамдық кеңес мүшелігіне таңдалатын үміткерлерді анықтау мақсатында өтетін мезгілінен бұрынғы сайлауды ұйымдастыратын, мезгілінен бұрынғы сайлауды хабарлайтын, үміткерлер құжатын қабылдайтын, үміткерлерді отырысқа шақыратын, Қоғамдық кеңес отырысын ұйымдастыратын, қосымша сайлау хаттамасын рәсімдейтін және қосымша сайлау нәтижесін жариялайтын – Кеңес хатшысы

6.1.6. Қоғамдық кеңес үміткерлерді ашық түрде дауысқа салу арқылы таңдайды

6.2. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

6.3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.

6.4. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.

6.5. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

6.6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

6.7. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

6.8. Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

Қоғамдық кеңес мүшесіне үміткерлерге Заңның 10 бабына сәйкес талаптар қойылады.

6.9. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның шешімімен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

6.10. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

 

7. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

7.1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

7.2. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

7.3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық деп саналады. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу жағдайы мен тәртібі, сондай-ақ, шешімдерді қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережемен айқындалады.

Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

7.4. Қоғамдық кеңестің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы қаллық Қоғамдық кеңестің құрамына кіруге құқылы.

7.5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

8. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері

8.1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

8.2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

8.3. Төралқаның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.

8.4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

8.4.1. Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

8.4.2. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

8.4.3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

8.5. Қоғамдық кеңес өзінің өкілетті мерзіміне Қоғамдық кеңес мүшелері қатарынан қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құрайды.

 

9. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

9.1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

9.1.1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

9.1.2. отырыстарда төрағалық етеді;

9.1.3. Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

9.1.4. Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

9.1.5. жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

9.1.6. өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

9.2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

9.2.1. Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

9.2.2. Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

 

10. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 10.1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңмен және осы Ережемен айқындалады.

10.2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

10.2.1. қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

10.2.2. қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

10.2.3. қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

10.2.4. қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

10.3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

10.4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

Қоғамдық кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамдық кеңес комиссиялары қоғамдық тыңдауды өткізуге құқылы.

10.5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен хаттама жүргізіледі, онда:

10.5.1. қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

10.5.2. қатысушылардың саны;

10.5.3. қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

10.5.4. күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.     

10.6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.

10.7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің немесе Қоғамдық кеңес комиссиясының қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

10.8. Қорытынды хаттама негізінде ұсыныс қабылданады, оған Қоғамдық кеңес төрағасы қолын қояды.

10.9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

10.9.1. мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

10.9.2. зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

10.9.3. бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

 

11. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

11.1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

11.2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

11.3. Қоғамдық кеңестің мүшесі Қоғамдық кеңестің жұмысына және оның отырысына жүйелі түрде қатыспағаны үшін (себепсіз 3 реттен артық) құрамынан шығарылады.

11.4. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

 

12. Өтпелі және қорытынды ережелер

12.1. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

12.2. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.

 

 

 


 

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

 

Аты-жөні

Қызметі

 

Мемлекеттік органдар өкілдері

 

1.

ҚАЗАНБАЕВ

Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы маслихатының хатшысы

2.

ЕСЕНБЕКОВ

Айдар Рахымжанұлы

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы

3.

ШИМАШЕВА

Рахат Сейдахметқызы

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы

4.

АХМЕТОВ

Валихан Исаұлы

 Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы

5.

СЫДЫҚОВ

Нұрлан Ерболатұлы

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы

6.

ҚИҚЫМОВ

Мақсат Сәкенұлы

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар

 

 7.

АЛШАНОВ

Рахман Алшанұлы

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы,

«Тұран» университетінің ректоры,

VI шақырылымының Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

8.

ӘМРЕҚҰЛОВ

Бақберген Әуезханұлы

 «Алматы футбол федерациясы» президенті

 9.

АСАНОВ

Тұрарбек Мәжілұлы

Алматы облысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары

 10.

АСЫЛБЕКОВ

Асхат Зейноллаұлы

 «Аzat Media Holding» ЖШС және «Kazak Magazine» ЖШС президенті

11.

ӘШІМЖАНОВ

Жанарбек Садықұлы

Қазақстанның Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары

12.

БАБАМҰРАТОВ

Дәурен Әбуталіпұлы

 «Болашақ» РҚ мен «Жастарүні» ұйымының төрағасы

 13.

БАЙСАҚОВА

Зульфия Мұхамедбекқызы

 «Дағдарыс Орталықтарының Одағы»

басқарма төрайымы

 14.

БЕЛЯНОВ

Александр Петрович

 «Express Autoservice» компаниясының президенті

15.

БИШМАНОВ

Кәкімжан Мұратжанұлы

 «Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталығы»

ҚҚ құрылтайшысы

 16.

ВАСИЛЬЕВ

Дмитрий Владимирович

«Ақ жол» демократиялық партиясы 
Алматы қалалық филиалының төрағасы 

 17.

ДАНИЛИНА

Анна Викторовна

«Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» ҚБ президенті

 18.

ЖАЗЫЛБЕКОВ

Нұрлан Әбдужапарұлы

 «KAZBREND» Қоғамдық қорының басқарма төрағасы

19.

ЖҰМАҒҰЛОВ

Бақытжан Тұрсынұлы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, академик

 20.

ИЛЬЯСОВ

Шмидт Ильясович

 

 Жауапкершілігі  шектеулі   серіктестік   «MASSAGET-KZ.KZ» Бас  төрағасы, техника  ғылым  кандидаты

 21.

ІҢКӘРБЕКОВ

Улан Аскербекұлы

ОО «Алматинское городское общество инвалидов» (АГОИ), заместитель председателя правления

22.

ҚАПАСОВ

Думан Жандосұлы
«Қазақстанның велоқоғамдастығы» ҚҰ-ның басшысы

23.

ҚИСЫҚОВ

Бекнұр Сейітжанұлы

 

Франчайзинг Қазақстан қауымдастығының президенті

24.

КӨБЕЕВА

Алтынай Орманқалиқызы

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің хатшысы,

«Қазақстанның ақпаратттық ресурстар орталықтарының ұлттық желісі» ұйымының төрайымы

25.

МАМЕДОВ

Расим Махмад-ұлы

«Объединение Азербайджанцев» «АЗ-БИРЛИК» ҚҰ-ның төрағасы

26.

МОРГУНОВ

Андрей Викторович

"Қазақстан Газ Ассоциациясы" Заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті

27.

НАБИЕВ

Вакиль Гусейнұлы

Қазақстанның Курдтар «Барбанг» Ассоциациясының вице-президенті

28.

ПРӘЛИЕВ

Серік

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кеңесшісі

 

29.

САҒЫМБЕКОВА

Майра Мәжитқызы

 «Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры

30.

САРЫМ

Айдос Әміроллаұлы

«Алтынбек Сарсенбайұлы» фондтың президенті

Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі 

31.

СМАЙЛОВ

Ерлан Валерийұлы

Жеке кәсіпкер

32.

ТЕЛЕҒҰСОВ

Махмұт Өтегенұлы

"Генералдар кеңесі" РҚБ Президиумы төрағасының орынбасары

 33.

ШАЙХ

Қазбек Әлтайұлы

 «Фонд Мира РК» қорының төрағасы

34.

ШАЛАБАЕВ

Құсман Кәрімұлы

Алматы қаласы Мәслихатының 5-ші шақырылымының депутаты

 35.

ШАРДИНОВ

Ахметжан Бәкрімұлы

«Алматы көпір құрылғылары зауыты»

ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы

 36.

ШИБУТОВ

Марат Мақсұмұлы

 «Әскери-стратегиялық зерттеулер Орталығы» АҚ бас сарапшысы

37.

ШЫНЫБЕКОВ

Дамир Әбдухалиұлы

Халықаралық ақпараттық технологиялар  университетінің ректоры

 

 

 


 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

 

Ф.И.О.

Лауазымы

 

1.

АЛШАНОВ

Рахман Алшанұлы  

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,
«Тұран» университетінің ректоры
VI шақырылымының Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

2.

АСЫЛБЕКОВ

Асхат Зейноллаұлы

Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссияның төрағасы,

«Аzat Media Holding» ЖШС және «Kazak Magazine» ЖШС президенті

3.

ӘМРЕҚҰЛОВ

Бақберген Әуезханұлы

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы футбол федерациясы»  ЗТБ президенті

4.

БАБАМҰРАТОВ

Дәурен Әбуталіпұлы

Кәсіпкерлік, туризм және ауыл-шаруашылығы бойынша комиссия төрағасы,

 «Болашак» республикалық қозғалысының және

«Жастарүні» БЖҰ төрағасы

5.

БИШМАНОВ

Кәкімжан Мұратжанұлы

Заңдылық пен құқықтық тәртіп бойынша комиссияның төрағасы

«Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталығы» ҚҚ құрылтайшысы

6.

ДАНИЛИНА

Анна Викторовна

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрайымы,

Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» ҚБ президенті

7.

ҚАЗАНБАЕВ

Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы

8.

КИСИКОВ

Бекнұр Сейтжанұлы

Франчайзинг Қазақстан қауымдастығының президенті

9.

КӨБЕЕВА

Алтынай Орманқалиқызы

         Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, "Қазақстанның ҮЕҰ-ның ақпараттық ресурстық орталығының ұлттық желісі" ЗТБ төрайымы

10.

ПІРӘЛИЕВ

Серік Жайлауұлы

Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кеңесшісі

11

САҒЫМБЕКОВА

Майра Мәжитқызы

«Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры

12

ШАЛАБАЕВ

Құсман Кәрімұлы

Мәдени саясат (ішкі және жастар саясаты, спорт, дін істері) бойынша комиссияның төрағасы,

Алматы қаласы Мәслихатының V шақырылымының депутаты

13

ШАРДИНОВ

Ахметжан Бәкрімұлы

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы,

«Алматы көпір құрылғылары зауыты» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы

14

ШИБУТОВ

Марат Мақсұмұлы

«Әскери стратегиялық зерттеулер Орталығы» АҚ жетекші сарапшысы

 

 

 


 

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

 

 

 

 

АТЫ- ЖӨНІ, ТЕГІ.

 

ЛАУАЗЫМЫ

1. 

Алшанов

Рахман Алшанұлы

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы,

«Тұран» университетінің ректоры,

VI шақырылымының Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

2.

Көбеева

Алтынай Орманқалиқызы

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің хатшысы,

«Қазақстандағы ақпараттық-ресурстық орталықтардың ұлттық желісі» ЗТБ төрайымы

 

 

1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссия

 

1

Шардинов

Ахметжан Бәкрімұлы

Экономика және бюджет мәселелері бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы көпір құрылғылары зауыты» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы

2

Асанов

Тұрарбек Мәжілұлы

Алматы облысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары

 

3

Жазылбеков

Нұрлан Әбдужапарұлы

«KAZBREND» Қоғамдық қорының басқарма төрағасы

4

Қазанбаев

Қалдыбай Омарұлы

Алматы қаласы Маслихатының хатшысы

5

Қиқымов

Мақсат Сәкенұлы

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

2. Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссия

 

6

Әмреқұлов

Бақберген Әуезханұлы

Экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша комиссияның төрағасы, «Алматы футбол федерациясы» ЗТБ президенті

7

Смайлов

Ерлан Валерийұлы

Жеке кәсіпкер

8

Телеғұсов

Махмұт Өтегенұлы

"Генералдар кеңесі" РҚБ Президиумы төрағасының орынбасары

9

Мамедов

Расим

«Әз-Бірлік» «Әзірбайжандықтардың бірлестігі» ҚБ төрағасы

10

Набиев

Вакиль Гусейнович

Қазақстанның «Барбанг» атты күрдтер қауымдастығының вице-президенті

11

Қапасов

Думан Жандосұлы

«Қазақстанның велоқауымдастығы» ҚБ басшысы

 

 

3. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссия

 

12

Бабамұратов

Даурен Әбуталіпұлы

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша комиссияның төрағасы,

«Болашақ» ресепубликалық қозғалысының және «Жастар үні» БЖҰ төрағасы

13

Васильев

Дмитрий Владимирұлы

«Ақ жол» демократиялық партиясы 
Алматы қалалық филиалының төрағасы

14

Кисиков

Бекнұр Сейтжанұлы

 

Франчайзинг Қазақстан қауымдастығының президенті

 

15

Сағымбекова

Майра Мәжитқызы

«Гүлден Сауда» ЖШС бас директоры

 

 

4. Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссия

 

16

Пірәлиев

Серік Жайлауұлы

Әлеуметтік саясат (әлеум.қорғау, білім беру, денсаулық сақтау) бойынша комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кеңесшісі

17

Ахметов

Валихан Исаұлы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

18

Жұмағұлов

Бақытжан Тұрсынұлы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, академик

19

Іңкәрбеков

Ұлан Әскербекұлы

Алматы қалалық мүгедектер қоғамы - төрағасының орынбасары

20

Шимашева

Рахат Сейдахметқызы

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы

21

Шыныбеков

Дамир Әбдухалиұлы

Халықаралық ақпараттық технологиялар  университетінің ректоры

 

5. Жастар және ішкі саясат, спорт, дін мәдениеті бойынша  комиссия

 

22

Шалабаев

Құсман Кәрімұлы

Жастар және ішкі саясат, спорт, дін мәдениеті бойынша комиссияның төрағасы, Алматы қаласы Мәслихатының V шақырылымының депутаты

23

Әшімжан

Жанарбек Садықұлы

Қазақстанның Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары

24

Сарым

Айдос Әміроллаұлы

«Алтынбек Сарсенбайұлы» фондтың президенті

Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі 

 

25

Есенбеков

Айдар Рахымжанұлы

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы

26

Сыдықов

Нұрлан Ерболатұлы

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы

 

 

6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша комиссия

 

27

Данилина

Анна Викторовна

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша комиссияның төрағасы,

Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» ҚБ президенті

28

Шибутов

Марат Мақсұмұлы

«Әскери стратегиялық зерттеулер Орталығы» АҚ жетекші сарапшысы

 

7Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссия

 

29

Асылбеков

Асхат Зейноллаұлы

Мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция бойынша комиссияның төрағасы, «Аzat Media Holding» ЖШС және «Kazak Magazine» ЖШС президенті

30

Ильясов

Шмидт Ильясович

Жауапкершілігі  шектеулі   серіктестік   «MASSAGET-KZ.KZ» Бас  төрағасы, техника  ғылым  кандидаты 

31

Шайх

Қазыбек Әлтайұлы

«ҚР Бейбітшілік қоры» АГБОФ төрағасы

 

 

32

Моргунов

Андрей Викторұлы

"Қазақстан Газ Ассоциациясы" Заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті

 

8. Заңдылық пен құқықтық тәртіп бойынша комиссия

 

33

Бишманов

Кәкімжан Мұратжанұлы

Заңдылық пен құқықтық тәртіп бойынша комиссияның төрағасы

«Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталығы» ҚҚ құрылтайшысы

34

Белянов

Александр Петрұлы

«Express Autoservice» компаниясының президенті

35

Байсақова

Зульфия Мұхамедбекқызы

«Дағдарыс Орталықтарының Одағы» ЗТБ басқарма төрайымы