Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Хабарландырулар

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне қалған өкілеттік мерзіміне сайлау үшін байқау туралы

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне қалған өкілеттік мерзіміне сайлау үшін байқау жариялайды

 

 

   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінен шыққан мүшелерінің орнына қалған өкілеттік мерзіміне 2 (екі) мүшені сайлау үшін байқау жариялайды.  

   Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

   Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.

   Жұмыс тобы қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырады.

   Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

   Құжаттар жұмыс тобына 2019 жылғы 14 қазаннан бастап 25 қазанды қоса алғандадүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Мәслихатының аппараты, 363 бөлме. Анықтама телефондары: 8 (727) 271-65-70. Электронды мекен-жай: 2720345@mail.ru.

   

   Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар байқау жөнінде хабарландыру жарияланғаннан кейін көрсетілген мерзім аралығында келесі құжаттарды тапсырады:

1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3. үлгіге сәйкес толтырылған өтінім (өтінім үлгісін Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсынан (www.mga.kz) жүктеуге болады);

4. мекенжай анықтамасы;

5. сотталмағандығы жөнінде анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы);

6. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;

7. жеке куәліктің көшірмесі;

8. 3,5х4,5 фото.

 

  Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

Үлгілерің жүктеу: Өтініштің формасы - otinish_kk.doc [26 Kb] (cкачиваний: 2)
  Өтінімнің формасы - forma_zayavka.doc [42,5 Kb] (cкачиваний: 11)

 


Кейін қайту