Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова өзінің Facebook парақшасында білім беру саласындағы қалалық олимпиадаларды әділ және шынайы өткізу мәселесін көтерді.
Алматы, 2 наурыз, Мәслихат аппараты. Алматы қаласы мәслихатының депутаты - Зулеев Мұхтар Мұхамбетұлы «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толуына орай азаматтарды қабылдаудың онкүндігін ашты. Бұл туралы депутаттың қала тұрғындарымен 1 наурыздан басталған күнделікті онлайн-кездесулері кезінде белгілі болды.
Алматы, 2 наурыз, Мәслихат аппараты. Ертең сағат 10.00-де Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алтынай Көбеева халықпен онлайн-кездесу өткізеді.
Алматы, 26 ақпан, Мәслихат аппараты. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары жеке және заңды тұлғалардан жер мәселелері бойынша 529 өтінішті қарады. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Михаил Грачев айтты.
2020 жылғы 14 қазанда «Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша төрағасы, маслихат депутаты Махамбет Қабдулқайырұлы Хасенов қайырымдылық акциясын өткізді.
2020 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нәбиев Әміржан Әміржанұлы Zoom бейнеконференцбайланыс платформасында азаматтарды онлайн форматта қабылдауды өткізді.
2020 жылғы 23 шілдеде мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев екі қонақ үй кешенінде орналасқан коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне өзінің жеке қаражатына 110 литр шұбат табыс етті.
2020 жылғы 22 маусымда Алматы қаласы Мәслихатына ҰОС кезіндегі тыл қатысушысы А.И.Малкованың атынан депутат Ерболат Болатұлы Қасымовқа Алғыс хат түсті.
2020 жылғы 10 наурызда Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері әлеуметтік акция өткізу мақсатында «Өмірді сүй» Қазақ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігіне барды.